^ жоғары
Тарих  
 
  1. Тарих
  2. Алматы почтасына – 145 жыл.
  3. Алматы – алмалы жер
  4. Алматы хайуанаттар бағының тарихынан
  5. Тарих объективпен жазылады.
  6. Алматының тарихи орталықтарына саяхат
  7. Алматыдағы ежелгі ағаш өмірі жайлы дерек
  8. Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер
  9. Қазақ тілін білу – мәртебе
  10. Цирктық ойын - сауық көрсету тарихынан
  11. Зерттеу процесі бұрынғының ескерткіші
  12. Құжаттар нені айғақтайды

АЛМАТЫ - Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мəдени, қаражат жəне өнеркəсіп орталығы. Деректер бойынша 2011 жылдың басына қаланыңтерриториясы шамамен 340 ш.км құрайды. Қала ірі көлік торабы болып табылады, азық-түлік, жеңіл және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары бар. АлматыдаХалық банкінің, Казкоммерцбанкінің, БТА банкінің және Қазақстанның басқа ірі банкілердің бас офистері орналасқан. Қаладан жыл сайынғы салықтық түсімібарлық республикалық бюджетінің шамамен 27% құрайды.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.

10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..

4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.

1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды.

Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.

Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі).

Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883).

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады.

1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды.

Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады.

1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.

1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.

Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы.

1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа атаулар пайда болды.

1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады.

1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді».

1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырыда басталды.

1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.




Алматы почтасына – 145 жыл.




Жетісудағы почта байланысы Верный қаласының пайда болуы және өсуімен тығыз байланысты. 1860 жылы 24 қазанда Верный қаласында бірінші пошта бөлімшесі ашылды.

20 ғасырдың басында Верный қаласында байлыныс өте баяу дамыды.

Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда не бары 250 пошта-телеграфтық орталық болды. Верный қаласы облыстың әкімшілік орталығы болғандықтан,телеграфтың байланыс басуы қалалар және елді мекендермен байланыстырып тұрды.

Верный қаласының біріккен пошта-телеграфтық ретінде жұмыс атқарды, және Ташкен қаласында орналасқан Түркістан аймақтық пошта-телеграфтың кеңесіне бағынды.

Кейбір деректерге қарағанда 1913 жылы , бұл бөлімше кішігірім ғимаратта: Достық (бұр. Колпаковский), Жібек жолы (бұр. Торговая), және Гоголя (бұр. Штабная) көшелер қиылысында орналасқан еді. Кейінірек пошта-телеграфтық кеңсе шөп базарының жанындағы ғимаратқа көшірілді (Пушкин көшесі, «Саяхат» автобекетінің алаңы). Бұл пошталық бөлімше Ташкен, Семей, Пішпек және Шәуешек (Қытай) бағытында пошталық байланысының қамтамасыз етіп тұрды. Арнайы аттылы-пошта станциясы хат түрідегі хабарларды жеткізумен айналысты. Пошталық станциядан хат-хабар аттылы күзетпен шығатын, сондықтан сол кезде хаттардың жоғалуы мүмкін емес еді, бірақ алушыға айлап жүретін. 30 жылдардың басында Қазақстандағы пошталық кәсіпорындар саны 5 есеге көбейді, және пошта қызметіне әуе тасымалын да пайдалана бастады.

1931 жылы бірінші рет ауылдық жерде колхоздық почтальондары жұмыс істей бастады.

1936 жылы пошта-телеграфтық кеңседен өз алдына телеграфтық кеңсе мен телефон станциясы жеке дара бөлініп шықты. Пошта-телеграфтық кеңсе, пошта кеңсесі деп атала бастады. Қалалық байланыс бөлімшелері құрыла бастады, 1975 жылы Қазақстан халқына 470 пошталық кәсіпорын қызмет көрсетті, соның ішінде 94 жылжымалы пошталық бөлімшелер болды. Қала мен аудандық жерлерде 40 мың пошта жәшіктері орнатылған еді. Мерзімді басылымдармен хат-хабарлар барлық облыс орталықтарын уақытында жеткізілетін,113 қаламен аудан орталықтары және жетуі қиын жерлерге әуе тасымалы арқылы жеткізілетін.

Поштаны, Алматы қаласының құрдасы деп есептеуге болады, өйткені ол қала дамуында үлкен жұмыс атқарды, Қазіргі таңда жаңа озық технологияларымен жабдықталынған «Қазпошта» біздің Республикамызды бүкіл әлеммен байланыстырып тұр.

Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты: мұрағаттың құжаттар қорынан.




Алматы – алмалы жер




Біздің қаламыз өзінің негізі қалануынан бері Алматы аталуы тегін емес, яғни алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов өзінің 1916 ж. жазған «Алматы» мақаласында «Алматы-қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда «алмалы жер» деген мағынаны білдіреді». Бұл атаумен Верный қаласы аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен өзгешеленді. Мұнда кең көлемді жасанды бақшалар жинақталғандай. Көпшілік оңтүстік астана – Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.

Алайда біздің қаламыздың атына апорт емес, жабайы алма негіз болғанын айта кетуіміз қажет. Белгілі Жетісулық өлкетанушы И.Л. Брызгаловтың, академик Н.И. Вавиловтың 1928 ж. Алматыға келіп, және кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, басқа еш жерде мұншама мол жабайы алмалардың түрлерін көрмегенің және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар деп айтқанына куә болған. Кең таралған Жетісу тауларының асуларыда жабайы алманың, алмұрт, шие, өріктің тамыр жайуы мәдени жемістердің өсіп-өнуіне, алыс жолға алып жүруге шыдамды, қоймаларда сақтауға болатын түрлері өсірілді. Сонымен қатар ресей нарығына да шыққан өндірістік түрлері атап айтқанда пармен золотой, кандиль синап, бельфлер желтый, кальвиль красный, ранеты Ландсберга, Обердика, орлеанский және тағы басқалары. Алайда біздің бақшаларымыздың мақтанышы және көркі апорт болып қала бермек.

Ол Жетісудың эмблемасы болды. Оны патша-алма, алмалардың әкесі деп әділ айтылған. «Апорт» әлемдік жеміс шаруашылығында бір ғана оңжылдықта белгілі болған жоқ. Оның Қазақстанның оңтүстік Шығысында пайда болуының қызықты тарихы бар. 1865 жылы жер аударылып келген Егор Васильевич Редько Воронеж губерниясы Острогожский уезінен Верный қаласына апорттың бірнеше түрін алып келді. Бұл апорттың түрі жергілікті жердің алмасынан айырмашылығы жоқ еді, тек өзінің көлемі жағынан, дәмі мен түсін өзгертіп бұл жерге бейімделіп кетті. 1914 жылы бау-бақшалық аға инспектор С. Перковский былай деген еді: «Жергілікті жердің басшылықтарымен жемістердің түрлерін аклиматизациялаумен айналысты. Верный қаласымен оның аумағында табиғаттың берген қолайлы жағдайы апорт пен алмұрттың керемет түрлері осы Верный бақшаларының негізгілері еді. Воронеждық шаруа Редько өз отанынан апорттың бірнеше түрлерін алып келді. Бұл алмалар оның бақшасында өсіп, кейіннен генерал Колпаковскийдің бұйрығымен Редьковский алмасы деп өзгертілген (бірақ бұл атау сақталынбады). Ол Верный қаласының атағын шығарған еді».

XX ғасыр басында Верный шаруашылығы тек Сібірде ғана емес Ресейдің орталық бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада апорт жемісі келгенен бастап-ақ бірінші орынға шықты.

1900 жылдың өзінде Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге шығарылды және де мамандардан жоғарғы баға алды. 1909 ж. Жетісу губерниясының бақшалары 3770 шаршы мекенді алып жатты оның ішінде Верный уезіне 2817 шаршы жер тиесілі еді. Бақшаларда алмалардың өзіндік мәдениеті қалыптасып, ал алма түрлерінен апорт сұрыпталды. Верный басшылықтары апорттың сұрыпталуына көп көңіл бөлді. Верный бақшалары училищесі аудандық бөлікке бөлінумен айналысса, кейіңірек жеке жеміс питомнигін Верныйда Н.Т. Моисеев ашқан болатын.

1908 ж. Германияда Мангейм жеміс жидек көрмесінде Верный бақша училищесімен шығарып үлкен қошеметке ие болды. Өзінің сыртқы түрімен, ерекше дәмінің болуы, жолда алып жүруге қолайлы болуы Жетісу өңірінде алдынғы қатардан көрінді. Оны Сібір жеріне 700 ден астам шақырым жерлерге және оңтүстік темір жолдар арқылы станцияларға, пошта арқылы жіберіп, кейбірі батыс Қытайға дейін тасып отырған.

Жетісулық бақшаларды марапаттау мақсатында Верный қаласында көрмелер ұйымдастырылды. Осылай 1902 ж. Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар әкелінді. Бір ғана алманың өзінен 39 түрі қойылды. Осындай көрмелердің бірінде 1905 ж. Алманың 64 түрі шығарылды. Мұнда да ең керемет деп апорт тандалып, жоғары марапатқа ие болды. Генерал П.И. Краснов өзінің 1910 ж. «Кинематограф» очеркінде бұл алма жөнінде былай суреттеген: «Ресейде бейне бір жиналған тастай үйілген, ірі кесектей, баланың басындай көлемде еді, 2 фунт салмағы бар. Олар бүкіл аумақты өзінің жағымды исімен таныттырған. Оның бағасы 8 жүздік тиын еді. Мұнда Верныйлық алмұрттар да Калифорниялық алмұрттардан кем түспейтін еді».

Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма бақтары азайып барады. Өлкетанушы В.Проскуриннің айтқанындай бақшалы-қала, 60-шы жылдары жасыл желекке оранған қала еді. Алайда мамандардың айтуынша өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз.




Алматы хайуанаттар бағының тарихынан




Алматы хайуанаттар бағының тарихынан

 

Біздің республикамызда хайуанаттар бақтарын ашу мәселесі жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан бастап талқылана бастады. Алматы хайуанаттар бағы қалай ұйымдастырылды?

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында хайуанаттар бағының бүкіл тарихынан мәліметтер беретін құжаттар сақтаулы.

Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1937 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында тез арада хайуанаттар бағын құру туралы шешім қабылдады. Ұйымдастыру мәселелері қалалық кеңеске, ал ғылыми жетекшілік Ғылым академиясының филиалына жүктелді.

Алматы қалалық кеңесінің 19 ақпандағы шешімі бойынша хайуанаттар бағының құрылысы үшін Казачка өзенінің оң жағалауынан, жеміс бағының аумағынан, 26,6 гектар жер телімі бөлінді. Бөлінген жер өзінің орналасу жағдайына орай, алдағы қойылған мақсатқа аз шығынмен қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Алғашқы кезеңде 7 гектар жер игерілді. Барлық құрылыс нысандары уақытша типте салынды. Бұл бөлінген аудандағы хайуанаттар бағының құрылысы орындалғанға дейін пайдалануға жасалған шара болатын. Хайуанаттар бағының ашылуына орай жануарлардың шағын тобы топтастырылды. Маусым айында алғашқы жануарлар келіп түсті: елік, бір жұп қасқырлар, және Вася атты арқардың лағы. Жаздың екінші жартысында Үшаралдан суда жүзетін құстар партиясы, гиеналар, шибөрілер, тауыстар, тотықұстар әкелінді. Қазан айында Мәскеу хайуанаттар бағынан арыстандар, зубро-бизондар, ақ аюлар, солтүстік бұғылары мен жанаттар жеткізілді.

1937 жылдың қараша айының басында «7 қарашада хайуанаттар бағының ашылуы» деген хабарландырулар қала бойынша ілініп, таратылды. Сонымен, салтанатты күн де келіп жетті. Кіре берісте оркестр ойнап тұрды, қаланың барлық жауапты қызметкерлері жиналды, хайуанаттар бағын тамашалауға алғашқы көрермендер де келді. Бірақ, күндізгі сағат 12-де басталған қарлы боран, қала өміріндегі маңызды оқиғаны ұйымдастырушылардың жоспарын бұзып жіберді...

Соған қарамастан, алматылықтардың хайуанаттар бағына деген қызығушылығы төмендеген жоқ. Тек қараша айының өзінде хайуанаттар бағын тамашалауға 3500-ден астам адам келді. 24 қараша күні хайуанаттар бағына алғашқы саяхат ұйымдастырылды.

Зерттеу және ағарту жұмыстарын өткізу үшін хайуанаттар бағын жыл сайын толықтырып отыру қажет болды. Хайуанаттар бағына бағалы экзотикалық жануарларды сатып алу – оның тарихының бір парасы. Қытай аллигаторлары мен бенгал жолбарыстарын алматылықтар 1954 жылы көрді. Ірі ара тотықұстары 1957 жылы, адам тәріздес маймылдар мен ламалар 1961 жылы, бегемоттар 1962 жылы сатып алынды. Сейшель алып – тасбақалары 1967 жылы, қара пантера мен гепардтар 1970 жылы хайуанаттар бағынан орын алды.

Ол өзінің 70 жылдық тарихында, 200-дей жан-жануардан тұратын шағын бақтан әлемдегі ең ірі хайуанаттар бағының біріне айналды. Мұнда жан-жануарлар, құстар мен бауырмен жорғалаушылардың 530-дан астам түрі бар.

Алматы қаласы хайуанаттар бағы қызметінің тарихына қызығушылық танытушылар Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдарынан ақпарат алуына болады.

Алматы қаласы Орталық
мемлекеттік мұрағатының
жоғары санатты мұрағатшысы
Камал Махмұт.




Тарих объективпен жазылады.




Тарих объективпен жазылады.

Бүгінгі таңда балаларға арналған басылымдар саны ұлттық журналистикамызда жаңадан қадам басып, гүлденіп келеді. Дегенмен де, балалар тақырыбы арнайы дайындықты, балаларға тән шынайылықты талап етеді.Қым-қуыт қайнаған тіршілік қазанынан жүрекке жол табар, әрі терең ой салар әсерлі мезеттерді дәл тауып, дөп басып бейнелеу де аса шеберлікті, кәсіби біліктілікті қажет ететін шаруа.

Міне, осылайша тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің жас ұрпағын тәрбиелеуде, ширек ғасырлық өмірін арнап, аянбай тер төгіп келе жатқан фототілшілердің бірі – Олег Александрович Ионов.

Олег Ионов - кәсіби шеберлігінің арқасында қаламыздың қайнаған өмірін фотобейнеге түсіріп, Алматы қаласының Мемлекеттік Мұрағатының ұлттық қорын толықтырушы, және Мемлекеттік Мұрағаттың қор иегері болып табылады. Ал, Қазақстанның Орталық Мұрағатында оның әкесі фототілші Александр Ионовтың жеке фотосурет қоры сақталған. Орыстілді балалар басылымы «Дружные ребята», қазақ тілді «Ұлан» газеттерінің бетінде Олег Ионовтың фотобейнелері өзіне тән ерекше қолтаңбасымен орын алады.

Қаламыздың қай жерінде болмасын балаларға қатысты қандай шара ұйымдастырылса, Олег Александрович әрдайым тынымсыз сондай іс –шаралардан табылады. Оның түсірген фотосуреттерінен терең іздемпаздықтың, табанды еңбекқорлықтың, шексіз қиялдың жемісін көруге болады.

Олег Ионов – табиғатынан бала жан, жан-жақты әрі өз қызметін бағалайтын адам. Оның балалар газетінде 25 жыл бойы тынбастан еңбек етуі өз мамандығына жіті берілгендігінің бірден-бір дәлелі. Негізгі мамандығы – физик, кезінде физика пәнінен мектепте сабақ та берген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің физика факультетін аяқтап, Ұлттық ғылым академиясының Химия институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. Дегенмен сүйікті шаруасы фотоға түсіруден қол үзбейді. Себебі ол генетикалық тұрғыдағы фотосуретші. Сонау 1898 жылы Олег Александровичтің атасы Нестр Ионов алғаш фотокамера алып Верный қаласының тұрпатын фотобейнеге түсірумен шұғылданған. Ал, атасының немере бауыры Михаил Ефремович Ионов - Жетісу өңірінің губернаторы болған. Олегтің әкесі Александр Ионов болса, жас Алматы қаласының фотожинақтаушысы болған, ол Жетісу аймағының өмірі жайлы фотобейнелермен бүкілодақтық және республикалық баспаларды қамтамасыз еткен. Сонымен қатар Олег Ионов он жасында қазақ халқының танымал жыршысы, суырып салма айтыскер ақыны Жамбыл Жабаевпен де кездескен. Кездесу жайлы естеліктер «Қазақстан тарихы» оқулығына енген. Бұл деректі фототілші Олег Александрович өз аузымен жеткізді. Яғни Олег Ионов генетикалық дәрежедегі фототілші, әрі бірден – бір тарихи тұлға болғандықтан, оның Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік мұрағатында аудиовизуалды және фотоқұжаттамасын пайдалану бөлімінде жеке шығармашылық фотоқұжаттары жинақталып, сақталуда.

Олег Ионов – Алматы қаласындағы алғашқы «Медеу» фотоклубының құрылуынан бері фотоклубта белсенді қызмет атқарып келеді.Сондай-ақ, Ионовтың фотосуреттері «Правда», «Вокруг света», «Советская женщина» газеттері және «Фото» атты чех журналының беттерінде жарық көрген. Ионов халықаралық фотокөрмелердің тұрақты қатысушысы, түрлі дәрежедегі марапаттарға да ие болып келеді.Ол Германияда өткен «Социалистік фотошеберлік», көрмесінен дипломға, «Спорт – бейбітшілік елшісі» халықаралық фотокөрмесінің қола медаліне ие болады.

1998 жылы өткен «Ақ- қара фотобейнелер» халықаралық көрмесінің бас жүлдегері, 2005 жылы Алматыда өткен «Қуаныш пен шуақ елі» көрмесінің бас жүлдесі, «Менің сүйікті қалам – Алматы» көрмесінің дипломына иегер болды. Бұл фотосуреттер жинағы Алматы қаласының тұрпатын сипаттайтын ерекше мәні бар бірден –бір мол мұра.

2005 жылдың наурыз айында Олег Александрович кәсіби шығармашылығының 25 жылдығына орай «Өмір иірімдері» атты фотокөрмесін өткізді. Аталмыш көрменің ерекшелігі – фототілшінің өмірдің жан – жақты көрінісін түрлі қырынан көрсетіп, шексіз әсемдігін фото тілі арқылы жеткізуі. Түрлі иірімдерге толы фотосуреттер өскелең ұрпаққа ой салардай, ерекше мәні бар әсерлі бейнелер. Ионов өмірдің ауыр мезеттерінен гөрі қызғылықты сәттеріне тіл бітіріп, оларды көркейте біледі. Алматы қаласының Мемлекеттік Мұрағатының фото және аудиовизуалды құжаттамасын пайдалану бөлімінің бейнеқорында Олег Ионовтың «Өмір иірімдері» атты фотокөрмесінен жазылған бейнеүнхат сақтаулы.

Бұл күні жасы жетпістің белесінен асса да, сүйікті шаруасына берік фототілші Ионов әлі де еңбек жолында, ендеше оған өз ісінде мол шығармашылық табыс тілейміз!

Алматы қаласы Орталық мемлекеттік
мұрағатының аудиовизуалды және фотоқұжаттамасын
жинақтау мен пайдалану бөлімінің
1-ші санатты мұрағатшысы Эльмира Мустафаева.




Алматының тарихи орталықтарына саяхат




Алматының тарихи орталықтарына саяхат

Әр қаланың адамды өзіне тартып тұратын жерлері болады. Ол – тарихи орталық. 1878 жылы Жетісу өңірінде болған ірі ботаник–ғалым, профессор А.Э.Регель былай деп жазды: «Верный қаласы дұрыс салынған, еуропалық типтегі үйлердің алдында көптеп алма, шабдалы ағаштары отырғызылған...»

Ескі үйлердің көпшілігі, әсіресе, қаланың тарихи орталығында, бүгінгі күнге дейін сақталған. Солардың бірі – ХХI ғасырдың соңындағы ағаштан салынған құрылыстың озық үлгісі – Верный қалалық училищесінің ғимараты. Ғимарат қалалық Думаның тапсырысымен, әскери инженер П.Гурдэнің жобасы бойынша салынды. 1912 жылы училище жоғары бастауыш училище болып өзгертілді. Мұнда 1895-1896 жылдары М.В.Фрунзе оқыған. 1920 жылдың маусым айында Д.Фурмановтың ұсынысымен ғимаратта Верный қаласының алғашқы еңбек мектебі ашылды.

Көпес Шахворостовтың жекежайы өзінің безендірілуімен таң қалдырады. 1890 жылы салынған және стильді классика мен ерте модерннің элементтерін біріктірген жекежай сәулет өнерінің бірден –бір ғимараты болып есептеледі. Жеке жайдың авторы анықталмаған.

Жібек жолы көшесі №39 үйдегі, 1911 жылы болжам бойынша А.П. Зенковтың жобасымен көпес Ғабдуалиевтің дүкеніне арнап салынған үй қазіргі заманғы ғимараттарының арасынан қуыршақтай болып көз тартады.

Верный мектебі ағаш модернінің үлгісі болған бұл үй Жетысу облысының ірі сауда орталықтарының бірі болды.

Өткен ғасырдың басында бұл көше өзінің дукендерімен даңқы шығып, Сауда көшесі деп аталған. Жергілікті газетте Ғабдуалиев өзінің сауда үйін «Ғабдуалиев және балалары», «Париж сәні» әйелдердің әшекейі» деп жарнамалайтын. Саудасы дөңгеленіп тұрған көпестің тапсырысымен А.П.Зенков оның балаларының біріне де үй жобасын жасаған. Төлебаев көшесіндегі 26 үйде бүгінгі күнге дейін модерн элементтері бар ескі ғимараттың үлгісі сақталып қалған.

Абдуллиндер көшесіндегі нөмірі 31үйде болған Бреусовтың жекежайы бой көтерген. Өткен ғасырдың басында салынған, сәулетшісі белгісіз. Өкінішке орай үйдің қалпы сақталмаған. Ғимараттың тарихы Дмитрий Фурмановтың өмірімен байланысты. Азамат Соғысы жылдарында мұнда Түркістан атқыштар дивизиясының 3-ші саяси бөлімі орналасқан. Осы жерде алғашқы орыс-қазақ әліппесі мен анықтамалар баспаға дайындалды. Жазушының зайыбы Анна Фурманова осы ғимаратта гарнизон театрын ұйымдастырды.

Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы үй өзінің қатаңдығымен таң қалдырады.

Ол 1898 жылғы бас жоспар бойынша оқу орнына бөлінген шаршыда орналасып, 1907 жылы А.Зенков жоспары бойынша Верный ерлер гимназиясының пансионы салынған. Пансионда ауылдық жерлерден келген гимназия оқушылары тәрбиеленді. 1919 жылы ғимаратқа Верный қаласының тұңғыш комсомол ұйымы, кейінірек Жетісу губерниялық көпшілік кітпханасы орналасты. Бұл қатаң модерн ерекшеліктері мен келбетін сақтап қалған қаладағы азғана ғимарттардың бірі.

Авторы анықталмаған Верный қаласы қоғамдық құрылыстарының ағаштан жасалған сәулет өнерінің үлгісі - офицерлердің жиналыс үйі. 1908 жылы салынған. Жоба авторы А.П.Зенков. Алғашқы арналып салынғаны: офицерлердің жиналыс үйі. 1913 жылы – Жетісу өңірінің тұңғыш ауылшаруашылық және өнеркәсіп көрмесінің көрме павильоны. 1918 жылы-пошта-телеграф кеңсесі. Одан кейін «Красная звезда» кинотеатры.

Юрий Домбровский өзінің «Көне тарих сақтаушысы» романында Кафедральды собор мен осы біртума туындыны жаратушы Андрей Зенков туралы былай деп жазды: «... Алматы қаласын Зенковтың құрылысынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Оның ғимараттарында әсерлі сәнділік, шын мәніндегі шаттық пен сауықшылдық бар.» Ол Пушкин саябағында (28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ) орналасқан. Құрылысы 1904-1907 жылдар аралығындағы жүргізілді. Тапсырыс беруші христиан діни басқармасы. 1904 жылы 26 қыркүйекте салтанатты жағдайда алғашқы кірпіші қаланды. 1906 жылы 14 қыркүйекте қоңыраулар ілінді. Сылақ және жапсырма жұмыстарын Санкт-Петербургтің З.Т.Ковальский фабрикасының жұмысшылары атқарды. Икона бекітілген қабырғадағы сәндік жұмыстарды суретші Н.Хлудов пен киевтік шебер А.Мурашко орындаған.

А.Зенков туындылрына тәжім етуші жазушы Юрий Домбровский сабор туралы таңданысын былайша білдіреді: « .... биік, көпкүмбезді, өрнекті, әшекейлі ернеулері және темір шатырлы, қоңыраулы, баспалдақтары мен галереялардың біртұтас жүйелерінен тұратын собордың бірде-біреуінің құрылыс нысандары Верный қаласындағы болған орасан жер сілкіну кезінде құлаған жоқ. Ағаш құрылысы табиғат апатына шыдады. Ал алып собордың өзінде тіпті әйнектері де сынған жоқ.»

Собордың алғашқы келбетін қалпына келтіру бойынша жаңғырту жұмыстары сәулетші А.Итеновтың жобасы бойынша 1973 жылдан 1976 жылға дейін жүргізілді. Ал 1995-2002 жылдар аралығында сәулетші Т.Туренкулов, суретшілер Ю.Супис пен В.Лукиннің жобасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары қайталанды.

Осы қатарда, 1975 жылы фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 30 жылдық құрметіне, мәңгі алаумен бірге, қайталанбас қатаңдығымен, айбындылығымен ерекшелінетін Даңқ монументі орнатылған.

Мүсіншілер А.В. Артимович, В.В. Андрющенко, Р.А. Сейдалин, В.В. Ким Ұлы Отан Соғысының бір көрінісі, Дубосекова разъезіндегі шайқасты мәңгі есте қалдырды. Оның сырт жағында Армия үйі. Собор мен монументтің сеңгірі, офицерлер үйінің жеңіл граниті мен қуыршақтай Музыкалық аспаптар Мұражайы – қайталанбас ансамблді құрап тұр.




Алматыдағы ежелгі ағаш өмірі жайлы дерек




Алматыдағы ежелгі ағаш өмірі жайлы дерек

Бұл құжат Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрмғатында жеке қорда сақталынған. Оның авторы Алматы және республика өмірімен соғыстан бұрынғы жылдарда да тікелей байланыстылығы тығыз. Григорий Васильевич Нечитайло Түркісібтің салынуына қатысқан, Алматы қалалық атқару комитетінің Кеңес төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланған.

Өмірінің 25 жылын Қазақстан ғылым Академиясына арнап еңбек етті. Республиканың атақты адамдарымен Қ.И. Сатпаевпен, М.О. Әуезовпен, Ж.Жабаевпен, кездесуіне тағдыр жолдары себепші болды. Оның монографиялары және кітаптары заң жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілді. 2006 жылдың 28 ақпанында Григорий Васильевич Нечитайло 100 жасқа толар еді.

«..... 1942 жылы қала халқын жанармаймен қамтамасыз ету тапшылығынан қаланың бақтары мен саябақтарында ағаштар оталып, өртелген еді. Бұрынғы атқару комитетінің қалалық Кеңес төраға орынбасарының қала сыртынан ағаштарды қиюмен айналысатын он бригада құру жөніндегі үкімі жайына қалды. Нәтижесінде генерал-губернатор Колпаковскидің кезінде отырғызылған ағаштар оталып кетті. Лауазымды тұлғалар ағаш кесумен айналысуда соншалықты қызу жүргізілуі халықтық комиссариат Кеңесінің бірінші орынбасары А.П. Заговельевтің қолымен бекітілген өкім бойынша, маған Грушевая көшесіндегі (қазіргі Зверьев көшесі) емен ағашын қиюды қадағалауды жүктеді. Үкімде: «Емен ағашы жауынгерлердің шинелін дайындау үшін майданға қажет» деп көрсетілді. Мен бұл емен ағашын бірнеше рет көргенмін. Мамандардың айтуынша оның жасы үш жүз жылдан астам. Жетісу аймағында ол теңдессіз ағаш түрі болып саналатын. Еменді қиюдан сақтау өз міндетім деп шештім. Комбинат қызметкерлері маған майданға шинелдерді жеткізу барысы тоқтап қалғаның алға тартып, пракурормен қорқытқан кездерде әр-түрлі себептер ойлап табатынмын. Менің арнайы жасалынған әрекеттерім екі-ақ күнге созылды. Үшінші күні арнайы бөлімше арқылы (аса құпиялы) Заговельевтен хат алдым. Хатта былай жазылған еді: егер мен 24 сағаттың ішінде еменнің қиылуын қамтамасыз етпесем, соғыс уақытының заңымен сотталамын.

Өз басыма қандай қауіп төніп тұрғаның түсіндім. Не істеу керек? Мен тікелей халықтық комитеттің Кеңес төрағасы Н.Д. Ондасыновқа мені түсініп, бұл мәселенің шешілуіне көмегін берер деген үмітпен бардым, өйткені Нұртас Дандыбайұлының жасыл орманға деген көзқарасы ерекше болатын. Қандай өкім шығарылғаны туралы және бұл ерекше емен ағашы жөнінде айтып бердім. Біз алып ағашты көруге бірге барған едік. Нұртас Дандыбайұлы Заговельевпен сөйлесіп жауабын өзім айтам деді. Нәтижесінде шұға комбинатына басқа емен ағашын қию жөнінде шешім қабылданды. Ал бұл әсем ағаш қала халқын күні бүгінге дейін қуантып тұр.




Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер




Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер

1854 жылдың көктемінде кейіннен Верный болып өзгертілген Іле бекінісінің құрылысы басталған еді. Бекініс төңірегінде орналасқан казак станицаларында алғашқы өндіріс орындары жандана бастады. 1857 жылы Татар слабодкасына жақынырақ жерлерде сумен қосылған диірмен іске қосылса, ал бір жылдан соң Жетісуда кейіннен ірі кәсіпкер болатын көпес Кузнецов сыра зауытын ашты.

1867 жылдың 11 сәуірінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енген, кейіннен Жетісу облысының саяси және әкімшілік орталығына айналатын бекініс Верный қаласы болып өзгертілді.

Мұрағат құжаттары дәлел болатын деректерге сүйенсек 1879 жылы қалада 3825 құрылыс орындары салынбақшы болатын, соның ішінде 1613-і күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылды. Верныйда үйлер мен ғимараттарды тек тастан немесе кірпіштен тұрғызуға рұхсат етілді. Алайда қала маңындағы ормандарды қиу бұрынғысынан да көбейіп кетуінен қала басшылары бақылаусыз ормандарды қиуға және ағаш үйлерді тұрғызуға тыйым салуға мәжбүр болды. Тау шатқалдарындағы орман сілемдерін күзету үшін әскери қарауылдар қойылды.

Кардон шатқалында басты кардон-қарауылы орнықты, Бутаковка, Лебединское, Каменское, Комиссаровское Ремизовское команда жүзбасшыларына арналып қазыналық құрылыстар тұрғызу үшін Бутаковкада орманды өңдеу жүргізілді, шатқалдар жауыңгер-қарауылшылардың фамилияларымен аталып бұл атаулар осы кезге дейін сақталынып қалған.

1871 жылдың 17 қарашасында Верныйда ірі кәсіпкерлер мен көпестерден сайланған жергілікті басқару органдары – қалалық дума және басшылық қызмет ете бастады.

Дума және басшылық сауданың дамуына – базар сауда орындарының салыну құрылысына көбірек мән берді, бірақ оларда қаланы көркейтуге, білім және деңсаулықсақтауды дамытуға қаражат жетпеді.

1887 жылдың 28 мамырында қала стихиялы апатқа ұшырады. Күші жоғары жел сілкінісінен кірпіштен және тастан тұрғызылған ғимараттар бұзылды, ағаштан салынған құрылыстар қирап қалды. Верныйда жер сілкінісінен кейін тастан үй салуға тыйым салынды, өйткені апат кезінде өмірге қауіп туғызады деп есептелінді.

1907 жылға қарай 2138 құрылыс салынды, оның ішінде 8-і ғана тастан, ал 2130-ы ағаштан тұрғызылды.

Салынған құрылыстардың біреуі Гостинодворская алаңының ортасында (қазіргі көшелерде Пушкин, Мақатаев, Зенков, Жібек жолы қиылыстарында орналасқан) – жер сілкінісінен қаза болғандарға ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта бұл ауданда Орталық сауда орны орналасқан.

Гостинодворская алаңын көпес Пугасов, Шевагин, Харин, Малышев, Михайлов және басқалардың зәулім үйлері қоршап тұрды.

Үлкен казармалық алаң қазіргі Қабанбай батыр, Абылай хан, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алаңның ортасында әскери собор тұрды. Штабная көшесінің төменгі жағынан (қазіргі – Гоголь) казармалар созылып жатты.

Әскери бөлімдер қаланың орталығында орныққан еді. Шіркеулер әр-қайсысы өз алаңында: Троицк шіркеуі (Қабанбай батыр, Ш Уәлиханов, Пушкин көшелерінің аралығында), Покровский (Амангелді саябағында), Негізгі собор Пушкин бағында, Никольск шіркеуі Үлкен Алматы станциясының аумағында орналасқан. Тағы бір кішігірім шіркеу архиерей үйінің алаңында (қазіргі Зенков және Қазыбек би көшелерінің қиылысында) болды. Бұл ғимарат қазіргі кезге дейін сақталынбаған.

1913 жылы Верныйда 55 жату орны бар бір ғана аурухана болды. Мұнда 10 дәрігер, 10 фельдшер және 3 тіс дәрігері жұмыс істеді. Қалада ымырт түскен сайын көшелер қараңғылай түсетін. Көшелерді жарықтандыру мәселесі көп жылдар бойы қалалық думада талқыланатын. 1915 жылы ұзақ талқылаулардан кейін дума мынандай шешімге келді: «Көшені жарықтандыруға қаражат бөлінбесін, себебі қаланың азаматтары кешке үйде отырулары тиіс».




Қазақ тілін білу – мәртебе




Бұл жөнінде құжаттар куә

Қазақ тілін білу – мәртебе

1931 жылдан бастап қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналды. Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының үкіметі тұрғылықты емес ұлттарға қазақ тілін оқуға жағдай жасай отырып, қазақ тілін кеңірек меңгеруге, іс-жүргізуде енгізу жолында бірқатар шара жүргізілді.

1930 жылдың 1 қыркүйегінде қазақ тілін білу дәрежесіне қарай өндіріс орындарында және халық шаруашылығының мекемелеріндегі барлық салаларында жұмыс істейтін мамандарға жоғары еңбек ақысын белгілеп және басқа жеңілдіктерді қарастыратын «Қазақ тілін білетін мамандарға жеңілдік жөнінде» қаулы қабылданды. Қабылданған бұл қаулы қазақша еркін сөйлеу және іс қағаздары мен әдебиеттерді оқу 10 пайызға және қазақ тілін толық меңгергендерге 15 пайызға негізгі еңбек ақысының жоғарлауын белгілеген еді. Сондай-ақ қазақ тілін білетін, мамандар, жұмысқа кірген кезде осындай артықшылықтарды пайдалана алды.

Бүкіл республикада қаулыны жүзеге асыру мақсатында қазақ тілін оқыту курстары жүре бастады. Алматы бәріне басшылық жүргізді. Қаланың барлық мекемелерінде қазақ тілін оқыту топтары құрылды. Тілді оқу жоспарлары қаланың әр аудандарында аудандық атқару комитеттерімен бекітілді.

Курс аяқталған соң жеңілдікке талаптанғандар сараптамадан өтулері тиіс еді. 1939 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақ КСР Президиум Кеңесінің арнайы жиынында қазақ тілін меңгеру бойынша сараптама жүргізу туралы нұсқау бекітілді.

Бұл нұсқау бойынша халық ағарту саласының аудандық, қалалық және облыстық бөлімдері жанынан қазақ тілі бойынша мамандардың тәжрибелік комиссиясы ұйымдастырылды.

Аталған комиссия ізденушінің өтінішін қарастырып және қазақ тілін білушілерге сынақ жүргізді: негізгі айлыққа 10 пайыз қосымша ақыға талап білдіргендерге – диктант жазу және сөз сөйлей білуі; 15 пайызға – мазмұндама (жазбаша) және сөз сөйлей білуі; 25 пайызға – шығарма (жазбаша) және әңгіме түрінде сөйлей білуі қажет еді. Сынақтан өтушілерге комиссияда қойылған талаптар күрделі болды. Сонда да сараптама сәтті өтіп, 10 және 15 пайыздық қосымша жалақы (қала бойынша орташа жалақы 700-800 рубль болғанда) жиі ресімделетін еді.




Цирктық ойын - сауық көрсету тарихынан




Цирктық ойын - сауық көрсету тарихынан

Қазақ цирк өнерінің даму тарихы ғасырлар тереңінде жатыр. Біздің аталарымыз қай ғасырда бүркітті аңшылыққа үйреткені жөнінде дәл айту қиынға соғады. Қазақтардың ат үстіндегі ойындары цирк қойылымдарындай көрініс берерлік. Аты аңызға айналған қазақтың әйгілі балуаны Қажы Мұқан (Мұқан Мұнайтпасов) революциялық төнкеріс алдындағы цирктық өнерді театрландырылған көрініске айналуына себепші болғандардың бірі еді.

Шындығында ол ең алғашқы кәсіпқой қазақ цирк әртісі. Ол жөнінде сол кездерде аңыздар ел аузында айтылып жүрді: Берлинде жуан темірлерден шыбықтай иіріп галстук байлаған болатын, ал Парижде түйемен манежге шығып көтеріліп, оны арқасына арта салып шығып кеткен. Оның күштілігі адам сенгісіз еді.

Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында өздігінен пайда бола бастаған цирктық ұйымдар құрыла бастады. Солардың ішінде Шымкенттік, Ақмолалық халықтық цирктері болды. Бірақ олардың бәрі кәсіпқой емес еді. 1965 жылдың күзінде кәсіпқой цирк ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды.

Бұл жөнінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалдық Хамитұлы Бегенов былай деп өз ойын білдірген еді: «Ол жылдары мен акробатикадан спорт шебері және Қазақстандық Мемлекеттік денешынықтыру институтының екінші курсында оқып жүрген едім. Пән сабағы басталар алдында мені ректорға шақырды. Кірсем кабинетте отырғандар жәй адамдар емес. Кейіннен білсем олардың арасында еңбек сіңірген өнер қайраткері, республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының жетекшісі Георгий Васильевич Перкун (ол кезде ол белгілі аты шыққан цирк көріністеріндегі қоюшы-режиссерлердің бірі еді) белгілі цирк акробатикасының маманы Владимир Алексеевич Ревякин, сонымен қатар атпен жүргізілетін көріністер мамандары Георгий Токаев және Алексей Соколовтар еді. Маған анықтап қарап алғаннан кейін эстрадалық-цирк студиясында оқуымды жалғастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс мен үшін төбеме жай түскендей болды. Спортты қалдырғым келмеді. Ал бұл жерде цирк. Көп ойланып мен ұсынысты қабылдамадым. Үш күннен кейін біздің жатақханамызға «Волга» келіп тоқтады. Шақырып алып мені «Алма-Аты» қонақ үйіне жеткізіп салды. Мұндай жерде мен ешқашан болған емеспін. Георгий Васильевич Перкун мені тосып алып, ресторанға түскі ас ішуге шақырды. Астын барлық түрінен дәм татқаннан кейін маған қарап жымиып, «Сізді ертен Красина 78-де күтеміз деді». Келесі күні мен эстрадалық цирк өнерінің студиясына келдім. Гүльжихан Ғалиқызы Ғалиева мені туған ұлындай қарсы алды. Сол күні бізді Республикалық Мәдениет министрі Ильяс Омарұлы Омаров қабылдады. Бәрі ертегідей болған еді. Қабылдау жылы, мейірімділікпен өткендіктен әлі күнге дейін есімде қалды. Цирк өнері жөнінде және ұлттық қазақ коллективін құру жөнінде сөз болып, бұл біздің Республикамыз үшін маңызды екеніне тоқталды. Міне осылай эстрадалық-цирк өнері студиясының есігі маған айқара ашылды.

1967 жылы бірінші оқу түлектері бітіріп шықты. Алғашқы оқу бітірушілер арасында көзбайлаушы (иллюзионист) Сұлтанғали Шүкүров және Сара Қабиғожина, эквилибрист Марат Құшмағамбетов, акробатшы Светлана Самущенко, сізге тағзым ететін малайыңыз және тағы басқалары. Әрине біз студияны тәмәмдағаннан кейін тәжрибесіз едік. Мұндай аздаған уақыттың ішінде цирк әртістерін дайындау онай емес болатын. Мәскеудегі цирк училищесінде оқуға бес жыл бөлінген. Сондықтан бізді кем дегенде үш жылдың ішінде дайындап шығу керек болды.

Уақыт өте келе студияның спорттық залы бізге тарлық келтірді. Республикада өзіндік цирк ғимараты жоқ болды. Одақтық мемлекеттік цирк басшылары қазақстандық әртістерді Саратов циркінде дайындықтан өткізіп жалғастыруды ұсынды. Бұл бағдарламаның көркемдік жетекшісі болып Ленинградттық мәдениет институтының түлегі Қанат Саудабаев сайланды. Саратов біз үшін туған қаламыздай болып кетті.

Бірінші бағдарламаның бірінші қоюшысы РСФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Перкун және РСФСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сратов циркінің директоры И. Дубинский болды.

Біздің үкімет шешімімен бізге Жамбыл облысы Луговой шаруашылығынан сәйгүлік аттар әкелді. Аюларды Алматылық хайуанаттар паркі берді.

Қазақтың ұлттық ойындары негізінде жүргізілетін ауқымды бағдарлама жасалынды. Онда бәрі де көрсетілетін болды. Аттың құлағында ойнайтындар, акробаттар, ұлттық ойындар «тенге алу», «көкпар тарту», «қыз қуу» болды. Бағдарлама ойдағыдай өтіп кейіннен бұл көріністер Бүкілодақтық цирк құрамымен бірге Азияда, Еуропада, Америкада көрсетіліп халықаралық дипломдармен марапатталды. Барлық әртістердің аренаға шығуы аяқтала сала бізді қошеметпен жаулап алды. Бұл күн баршамызға керемет күн еді. Жаңа қазақ ұлттық цирк әртістерінен құралған топ дүниеге келді. Бұл күн 1970 жылдың 24 шілдесі еді. Ал 12 тамызда Алматыда спорт сарайында бірінші қойылым болды.

1972 жылы біз өзіміздің әдемі «Сиқырлы кигіз үй» цирк ғимаратын алдық».




Зерттеу процесі бұрынғының ескерткіші




Зерттеу процесі бұрынғының ескерткіші

Қазіргі Алматы қаласының және шектес орналасқан аудандар территориясынан археологтармен табылған ежелгі ескерткіштер, қолайлы табиғи климаттық жерлерді бұрыннан көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар мекендегенін тарихи құжаттар да куәландырады. Ерекше атап айтатын көне ескерткіштеріне (б.э.б. VI-III) сактардың қорғаны жатады. Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, Ақсай өзендерінің жағалауларында орналасқан олардың ең ірісінің биіктігі 20 метрден, ал диаметрі 100 метрден асады.

Қазіргі кезде көптеген қорғандар жаңа тұрғын құрылыстарының астында қалып отыр. Қаланың солтүстік-батыс бөлігінде, кейбіреулері ғана сақталынған.

Қорғандар біртұтас архитектуралық құрылыстан тұрады: жер асты камераларынан, тас қабырғалардан, жер асты жолдарынан және мүсінделген конус пішініндегі үйіндіден. Оның жоғарғы қабаты тасты, ортаңғысы ұсақ тас пен топырақпен араласқан, ал төменгі қабаты ірі тастардан тұрады. Үйіндінің астында тянь-шань бөренелерінен камера мен коридорлар немесе бұл – қайтыс болғандардың мәйітін, кейбір кездері аттарымен бірге сақтайтын орын. Камералардың оңтүстік және батыс бөлігінде ыдыс-аяқтары, солтүстігінде – қайтыс болған адамдардың мәйіті (денесі) орналасқан. Көптеген табылған қабырлар ерте кезде-ақ тоналған. Алматы территориясында қазба жұмыстары барысында қатардағы қабырлардың ішінен кездойсақ табылған қазынада сак қолөнершілерінің бұйымдары: темір пышақтар, қанжарлар, садақтың үшбұрышты қола ұштары, саздан жасалған ыдыстар, қола қазандар, майшамдар, орақтар, бидай үккіштер кездеседі.

Сактардың басты айналысатын ісі көшпелі өмір түріне байланысты мал шаруашылығы болды. Бірақ та ағаш қабырларының конструкциясы бойынша қыстаған жерлерінде олар мықты баспаналар салғанын айтуға болады. Сактар енді ғана отырықшылыққа көшкенде, үйсіндер жерді өңдеумен айналысты. Ежелгі үйсіндер археологиялық қазбалар бойынша (орақтар, бидай үккіштер т.б.) жерді өңдеуді жақсы білген. Алматының «Горный гигант» совхозының оңтүстік шетінде үйсіндердің ерте жер өңдеу қоныстарының қалдықтары табылды. Қоныстарды зертеу кезінде археологтар саздан және өзен құмымен араласып жасалған кувшин мен кеселер тапты. Аэропорт ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ежелгі керамика заттары табылды. Олар б.э. бірінші ғасырына жатады деп болжалуда.

Аймақтың келесі тарихи кезеңі феодализм эпохасы, Жетісу Батыс Түрік, Түрген және Карлук қағанаты, Қарахан мемлекеттеріне кезектеп кіріп отырды. Осы мемлекеттік құрылымда үлкен рольді үйсіндер, түргендер, карлуктар, шығала, ягма атқарып, кейінірек қазақ халқының құрамына кірген.

Карлуктар кезінде Іле Алатау бөктеріндегі өзен жазықтықтарында отырықшылық жерді өңдеу қоныстары мен қалалар пайда бола бастады. Біріншілері қыстақ орындарында құрылса, екіншілері көшпелі ақсүйектердің орындары ретінде дамыды. Көбінде караван жолдарының қиылыстарында, ыңғайлы жерлерде орналасты. Ақырындап олардың қастарында қолөнершілер, көпестер орналасып, ставка әкімшілік орталығы болып қана қоймай, сонымен бірге қолөнер мен сауданың концентрация орны болып, қалаға айналды.

Алматының орнында VIII-X ғ.ғ. бірнеше үлкен емес қоныстар болды. Оның бірі Алмату деп аталды (Алматы). XX ғ. 20 жылдары олардың іздерін көруге болатын. Ірі қоныстар Ботаника бағы мен «Горный гигант» совхоздарының территориясында болды. XI-XII ғ.ғ. олар кіші-гірім қалаларға айналды.

Жетісу тарихының түріктік кезеңі Ұлы Жібек жолымен байланысты, осы жер арқылы өтетін жол аймақты Жерорта теңізімен, Қытаймен байланыстырды. Осы дәуірде Алматы маңызды байланыстырушы орталық болды, Орта Азиядан, Кастек өткелі арқылы Жоңғар қақпасына – Қытайға дейін. Жетісудан табылған «шетелдік заттар» Персиямен, Индиямен және Қытаймен кең тараған сауданы куәландырады. Алматы атауы сол кездегі бірнеше дереккөздерінде кездеседі.

XIX ғ. аяғында Верный қаласының бас архитекторы Поль Гурдэ орта ғасыр қаласының көптеген үлкен қалдықтарын көрген болатын, ғалымның болжауы бойынша қазіргі әскери институтының орнында орналасқан. Дәл осы территорияда XIII ғ. 1271-1272 ж.ж. шығарылған бірнеше монета табылған, оларда арабша «Алматы» деген жазу бар.

1272 жылғы Алматы монетасы – бұл бүкіл қазақстандық көлеміндегі құбылыс. Қазақстандық ғалымдар археологияляқ қабаттарды кезек-кезегімен, қабат-қабатымен тауып жатыр, бұл алысқа апаратын және терең жүргізетін зерттеу процесінің бастамасы.




Құжаттар нені айғақтайды




Алмату - Алма-Ата – Алматы - біздің қала аттары. Бұл сөз немен байланысты шыққан?

Мұрағат құжаттарына жүгінейік. С.Иванов - бау-бақша технигі өзінің 1916 жылғы «Алматы» мақаласында былай,- деген «Алматы» - бұл қырғыз сөзі, аудармасында «алмалы орын» деген мағынаны береді. Бұл атау сонау Верный кезінде берілген, бұл жер жабайы алма тұқымының көп таралуымен белгілі болған. Былайша айтқанда бұнда жасанды бақтар шоғырланған.

Оңтүстік астана - Алматыны көпшілік (орыс транскрипциясы) апортпен байланыстырады. Біздің қаланың бұлай аталуы, бізге апортты берген жоқ, жабайы алманы берді. Атақты Жетісулық өлкетанушы

И.Л. Брызгаловтың, 1928 жылы академик Н.И.Вавилов Алма-Атуға келді, деген бір айғақ бар. Онда Шағын Алматы өзенінің жағалауындағы жабайы алма бақтарының соншалықты көптеген түрін, сондай жақын, әрі осындай баулы жерді ешқашан көрген емесін,- дейді. Бұдан шығатын хабарлама: мәдени алманың нағыз отаны екендігін айтып отыр.

Жетісу тау жоталарында жабайы алмалар, алмұрт, өріктің кең таралуы, бұл жерде мәдени бау-бақшаның дамуы үшін ерекше қолайлы жағдай екендігін көрсетеді. Алманың бірнеше сорттары, әсіресе қыстық алмалар көп шығатын. Ресей базарында көп танылған түрлері, алтын пармен,

Кандиль синап, Сары бельфлер, Қызыл кальвиль, Ландсберг ранеты, Обердика, Орлеанский және т.б. Бірақ та біздің бау-бақшаның сұлулығы мен мақтанышы болған – ол аппорт сорты - Жетісу эмблемасы аталған.

Кезінде алмалардың патшасы, алманың - атасы деген әділ атақ берілген. Дүние жүзілік жеміс шаруашылығында аппорт екі ғасыр көлемінде белгілі. Оның Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайда болу тарихы бір қызық.

1865 жылы Воронеж губерниясының Острогожск уезінен қоныс аударып келген Егор Васильевич Редько Верныйға апорт алмасының бірнеше көшетін алып келді, өз Отанында басқа сорттардан ешбір айырмашылығы болмаған. Тек осы жерге әкелінген соң, жер жағдайына байланысты апорт өзінің керемет дәміне, бояуына, шамасына ие болды.

1914 жылы жеміс шаруашылығының аға инспекторы С. Перовский былай деп жазды: «Жергілікті жер иелерінің, жеміс ағаштарының сорттарын жерсіндіру бойынша жұмыстары кәсіпке айналды. Табиғат тек Верный қаласы және оның маңындағылар үшін алманың қолайлы сорттарын, апортты және алмұртты берді. Вернен бағына отырғызылатын негзгі сорт осы екеуі болды. Воронеждік мещан Редько өз отанынан осы апорттарды алып келді. Бірінші алма оның бағында пайда болды, генерал Калпаковскийдің бұйрығымен «Редьковское» алмасы деп аталды (бірақ бұл атауы сақталмады).

XX ғасырдың басында Вернен уездінің жеміс шаруашылығы тек Сібірге ғана емес, Ресейдің орталық бөлігіне де белгілі болды.

Астаналық базарларда апорттың пайда болуымен байланысты, бірінші санатты атаққа ие болды. 1900 жылы вернен апорты Парижде Дүние жүзілік көрмеге қойылып, онда ең жоғарғы бағаға ие болды.

1909 жылы Жетісу облысындағы бақшалар көлемі 3770 ондықты, оның ішінде Вернен уезінде -2817 ондықты құрады. Бақшаларда апорт сорттарының ішінен алма бүтін культурасы алғашқы орында тұрды.

Вернен үкіметі апорт сортын өсіруге көп көңіл аударды. Оны аудандастырумен Вернен қаласының жеміс шаруашылығы училищесі айналысты, кейінірек Н.Т.Моисеев үлкен жеке өзінің питомнигін құрды.

1908 жылы Вернен училищесінің мамандары ұсынған Германиядағы Мангейм жеміс, апорт алмаларының көрмесінде үлкен қолдау тапты.

Ерекше әдемі пішіні, өте дәмді сапасы, апортты тасмалдау жағынан жетекші орынға шықты. Оны атпен 700 шақырымға Сібірге және оңтүстік темір жолдарына, ал кейбір комерсанттар пошта арқылы сәлем-саухаттар жіберіп отырды. Апорт көшеттерін тіпті Батыс Қытайға дейін жеткізіп отырған. Жетісуда жеміс шаруашылығын мадақтау мақсатында жергілікті үкімет Верныйда көрмелер ұйымдастырды. 1902 жылы Верныйға Жетісу облыстарының барлық уездерінен экспонаттар әкелінді. Бір алманың өзінің 39 сорты болды. 1905 жылы көрмеге алманың 64 сорты ұсынылды. Солардың ішіндегі ең жоғарысы, деп апорт танылды, ал оларды өндірушілер жоғарғы наградаға ие болды.

Қазіргі кезде атақты апорт ұсақтап кетті, бұл жөнінде П.Н. Красновтың алма туралы айтқанына сезіктене қараймыз, өзінің 1910 жылғы «Кинемотограф» очеркінде: «Ресейде тас кесектері үйілгендей, бақшаларда алманың үлкендігі кішкентай баланың басындай, әрқайсысы екі фунт болатын алмалар үйіліп жататын, -деп жазылған.

Олардың бал татыған иісі аңқып бүкіл маңайды алып кететін. Бұл тәтті хош иісті алмалар – құмнан ауыр тартса да, арзан болатын.Верныйдың үлкен алмұрттары, дюшестері, дәмі және хош иісі жағынан колифорниялық алмұрттардан кем түспейтін».

Өкінішке орай, апорттың сапасы ғана нашарлап кеткен жоқ, біздің қала кезінде бау - бақша қаласы болған, XIX ғасырда өлкетанушы В.Н. Проскуриннің айтуынша, жасыл желекпен көмкерілген алма бақтары бар қала еді. Осылайша аталған қаламыздағы алма ағаштары аяусыз кесіліп жатыр.



 

Президенттің халыққа жолдауы


әрі...

Əкімнің алғысөзі


әрі...