2024 жылғы 8 мамыр күні сағат 15.00-де Асанәлі Әшімовтың туған күніне орай Б.Беделханның «Тағдыр тақтасы» (режиссері Ж.Жұманбай) автобиографилық драмасы көрсетіледі. «Алматы әуендері» КМҚК қарасты «Жаңа ғасыр» жастар театрының қойылымымен Кеңестік және Қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті А. Әшімовтың шығармашылығы мен өмірінен сыр шертеді.
Мекен-жайы: Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Наурызбай батыр көшесі 83.
Байланыс телефоны: Әділжан Садықов, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы, +7 777 217 55 75