07/02/2026 18:02

Алматыда үй жануарларын тегін піштіру және ұрықсыздандыру бағдарламасы басталды

        «Алматы қаласында иесіз жануарлар санын гуманистік реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 9 мыңға жуық ит-мысықты қамтитын үй жануарларын тегін піштіру және ұрықсыздандыру бағдарламасы басталады.  Ол жыл соңына дейін жалғасады.

      Иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыруға жас шектеуі – 7 айдан 9 жасқа дейін, иттер мен мысықтарды піштіруге – 6 айдан 9 жасқа дейін.

     Үй жануарларын піштіру және ұрықсыздандыру қызметі жануарларды алдын ала клиникалық тексеру, отаға қарсы көрсетілімдерді анықтау, премедикация, анестезияға енгізу, ота жасауу, соратын тігіс материалдарын пайдалану, бақылау үшін жануарды күндізгі стационарға орналастыру, ықтимал асқынуларды болдырмау үшін отадан кейінгі мониторинг сияқты манипуляцияларды жүргізуді қамтиды.

           Бағдарламаға ветеринариялық төлқұжаты және бірыңғай есепке алу базасына енгізу үшін микрочипі бар жануарлар қатыса алады. Микрочип пен төлқұжат болмаған жағдайда оларды аталған кез келген клиникадан қосымша ақыға сатып алуға болады.

Иттер мен мысықтарды  тегін піштіретін мен ұрықсыздандыратын ветеринарлық клиникалардың мекенжайлары:

  1. «Mastino» ветеринарлық клиникасы      Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217  

                                                                       телефон: 8 (700) 327-44-89 

                                                                               Whatsapp арқылы жазылуға болады

  • «Айболит» ветеринарлық клиникасы        Мекенжайы: Абай даңғылы,26

                                                                        телефон: 8 (708) 972 02 07

  
  
«VET ELITE» ветеринарлық клиникасы                 Мекенжайы: Күдерин көшесі, 6                телефон: 8 (700) 776 62 50                8 (708) 653 32 57                Whatsapp арқылы жазылуға болады                                                                                         ”      

          Үй жануарларын піштіру және ұрықсыздандыру жөніндегі мемлекеттік  бағдарламаға қатысатын ветеринариялық клиникалар туралы қосымша ақпарат осы қызметтерге шарттар жасалуына қарай ұсынылады.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ