05/12/2025 13:21

Алматыда «Медеу» БТСК-не дейінгі жолдың бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше түнге жабылады

Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі.

13 және 14 қыркүйекте сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін «Экобекет» аялдамасынан Бейсеуов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады. Жедел медициналық жәрдем көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер жөндеу жұмыстары кезінде кез келген шектеуден емін-еркін кедергісіз жүре алады.

Айта кету керек, ұзындығы 2 км учаске – жөндеуге жоспарланған 6 км көшенің соңғы бөлігі.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ