Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова референдумда дауыс берді
47
Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Өнер майталманы №157 жалпы білім беретін мектепте орналасқан № 649 сайлау учаскесіне келді.
“Біз мұндай маңызды күнде шетте тұрмауымыз керек. Мен мұнда отбасыммен дауыс беру үшін келдім”, – дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша өз сайлау учаскелеріне сағат 20.00-ге дейін дауыс беруге келе алады.