Белгілі жазушы және қоғам қайраткері Кәдірбек Сегізбай Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы референдумға қатысты. Ол өтіп жатқан референдумды демократиялық үдерістің маңызды бөлігі деп атап өтті.

«Референдум – әрбір азаматқа пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды мәселені шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Бүгін мен осы мүмкіндікті пайдаланып, дауысымды бердім», – деді Кәдірбек Сегізбай.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналық комиссияның мәліметі бойынша, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 14:00-дегі жағдайға сәйкес қазақстандықтардың 51,77%-ы бюллетень алды. Алматы тұрғындары дауыс беру учаскелеріне сағат 20:00-ге дейін келе алады.