20/03/2026 03:20

«Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім»: Алматыда референдумда журналист Бигелді Ғабдуллин дауыс берді

Қазақстандық журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Журналист Бостандық ауданында орналасқан №191 мектептің №235 сайлау учаскесіне барды. Дауыс берген соң, Бигелді Ғабдуллин референдумның маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге ерекеше мүмкіндік екенін айта кетті.

«Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім. Қандай шешімді қолдайтынымды өздеріңіз тауып көріңіздер…»,- деп өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ