Алматыда Қазақстан жазушылар одағының өкілдері референдумда дауыс берді
51
Танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төраға орынбасары Ғалым Қалибекұлы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Ақын Медеу ауданында орналасқан №172 мектептің №591 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Мен үшін референдумға қатысу маңызды, себебі бұл менің азаматтық борышым. Менің сенімім мен принциптеріме сүйенсем барлығы жауапкершілік танытады және дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін»,- деді Ғалым Қалибекұлы.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі бар, олар сағат 20:00 дейін жұмыс жасайды.