08/02/2026 05:17

Әнші Игорь Благодарный – Қазақстанда референдум өткізудің маңыздылығы туралы

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Игорь Благодарный Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Әртіс Алматы қаласының Медеу ауданындағы № 2 мектептегі №351 сайлау учаскесінде дауыс берді. Игорь Благодарный ел азаматтары үшін референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін еліміз үшін тарихи күн, Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі маңызды мәселе шешілуде. Мен үшін референдумға қатысу маңызды, онда мен өз ұстанымымды білдіре аламын. Мен болашақ ұрпақтың өміріне оң әсер ететін шешімді қолдадым. Барлығына еске салғым келетіні: өз ұстанымыңызды білдіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 сайлау учаскесі орналасқан №48 мектеп-лицейге алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20.00-ге дейін ашық болады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ