Алматы метрополитенінде қарбалас уақытта пойыз қозғалысының жиілігі қысқартылды
45
Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін және жолаушылар көбеюіне байланысты Алматы метрополитені желісіне екі қосымша электр пойызы шығарылды. Бұл таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздардың қозғалыс аралығын 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Аталған өзгеріс жолаушылардың сапарларын барынша ыңғайлы етуге және қарбалас сәттерде пойыздарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта 13 құрамның қатар жүруі жолаушылардың платформада күту уақытын қысқартып, адам көп жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Метрополитен мамандары жолаушылар легін үнемі бақылап, пойыздар қозғалысының кестесіне қажетті өзгерістерді жедел енгізуде.