05/12/2025 20:49

Алматының Бостандық ауданында 1983 жылғы құбыр ауыстырылуда

Алматының Бұқар Жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылады. Жалпы ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу трассасы 200-ден астам қалалық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде аталған тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар Жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы ішінара жабылады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұраймыз.

Жалпы, осы жылы қала бойынша 35 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% – ға дейін төмендетеді.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ