Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқыту бағдарламасы бойынша ақпарат
152
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен 12-і және 16-ы мамыр аралығында жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне, өтініш берушілермен тиімді коммуникациялар бойынша оқыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру және «e-Otinish» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту семинар өткізілді.