05/02/2026 11:22

Алматыда Құрылысшылар күні қарсаңында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және Құрылысшылар күнін мерекелеу қарсаңында мегаполистің барлық сегіз ауданында ауқымды сенбіліктер өтті. Оларды коммуналдық инфрақұрылым басқармалары, қала құрылысын бақылау басқармалары және аудан әкімдіктері ұйымдастырды. Құрылыс компаниялары, қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтер күш біріктіріп, қаланы одан әрі таза, жайлы етуге атсалысты.

Іс-шараға «Алатау Құрылыс Сауда» ЖШС, «Ayt Facility Management», «Бат-Сат-1» ЖШС, «ECO City Building» және басқа да құрылыс компаниялары қатысты. Сенбілік барысында қаланың барлық аудандарындағы маңызды нысандар қамтылды. Олардың қатарында «Ақкент», «Олимпик парк», «Рамс Эво», «Asyl Mura» тұрғын үй кешендері және т.б. бар. Барлығы санитарлық-тазалау жұмыстарына 9568 адам және 86 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

 Сенбілікке қатысушылар іргелес аумақтарды тазалау, тротуарларды жуу, жасыл желекті күтіп-баптау, арық желілерін тазалау, қоғамдық кеңістіктер мен жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру, ағаштарды суару және санитарлық кесу, арамшөптерді жою, көгалдарға күтім жасау және шөп шабу жұмыстарын атқарды. Бұдан бөлек, мегаполистің әр ауданында түрлі қалалық қызметтер мен құқық қорғау органдарының қатысуымен жергілікті сенбіліктер өткізілді.

Ортақ күш-жігердің арқасында 2 380 м³ қоқыс шығарылды. Сенбілік қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Құрылысшылар күнін мерекелеуге дайындыққа елеулі үлес қосты.

Алмалы ауданында 15 техника көмегімен 420-дан астам адам 60 м³-ден астам қоқыс жинап, шығарды. Алатау ауданында «Дарабоз» және «Нұркент» ықшамаудандарын тазалау жұмыстарына 1 270 адам қатысып, 320 м³ қоқыс шығарылды, 22 арнайы техника жұмылдырылды. Іс-шара концерттік бағдарлама аясында өтті.

Алматылықтар ерекше белсенділік танытып, қоқысты тез жинап қана қоймай, іс-шара жайлы ойларын бөлісіп үлгерді. Олардың арасында зейнеткерлер де бар.


“Жасыма қарамастан, тазалық жұмыстарына көмектескеніме қуаныштымын. Балаларымыз бен немерелеріміз таза әрі әсем қалада өмір сүргені маңызды. Оның үстіне, сенбілік — көршілермен танысып, бәріне пайдалы іс атқарудың тамаша мүмкіндігі”, – деді Людмила Викторовна.

Жетісу ауданында Солтүстік айналым көшесінде 410-нан астам адам және 23 техника 120 м³ қоқыс жинады.


Әуезов ауданының Шалов көшесі мен «Ақсай-1А» ықшамауданында 1 200-ден астам адам 600 м³ қоқыс шығарды, 25 техника пайдаланылды.


Медеу ауданында 350 адам және 20 техника Бигельдинов, Роза Бағланова және Бейсеуов көшелерін тазартып, 150 м³ қоқыс шығарды. Қатысушылар тек аумақты тазалап қана қоймай, күтпеген сыйлықтарға ие болды. Ең басты тосынсый — 38 жастағы алматылық, аты мен тегі ұлы ақынмен аттас Абай Құнанбаевтың қатысуы болды.

“Бұл экоакция – біздің мәдениетіміздің көрінісі әрі ұлы Абайға деген құрметіміздің белгісі. Оның шығармашылығында табиғат маңызды орын алады. Бізге қоршаған ортаға ұқыпты қарауды еске салады. Ұлы Абайдың есімі мен тегін иелену – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Осы атқа үнемі сай болуға тырысамын. Жастарға оқуға, оқуға және тағы да оқуға кеңес беремін”, – деді алматылық тұрғын.

Наурызбай ауданында 900 адам Төле би, Әшімов және Жуалы көшелерінен 100 м³ қоқыс шығарып, 27 техника жұмылдырылды.


Түрксіб ауданында, «Алтай» ықшамауданында акцияға 870 адам қатысты, 155 м³-ден астам қалдық шығарылды, 14 техника пайдаланылды.

Акцияға жас опера әншісі Асан Ерасыл да қосылды.


“Елді дамытудағы үлесіміз тек шығармашылықпен шектелмеуі тиіс. Мұндай шараларға қатысу бізді маңызды құндылықтар төңірегінде біріктіреді және туған жерге деген сүйіспеншілікті іспен дәлелдеуге мүмкіндік береді” деді ол.

Сенбілік барысында қоқыс жинау, тротуарларды сыпыру, ағаштарға санитарлық күтім жасау, жасыл желектерді суару, гүлзарлар мен көгалдарды ретке келтіру, арық жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді.

 Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар тұрақты түрде өткізіліп, оған қала тұрғындарының көбірек тартылатынына үмітті екендерін айтты.

В Алматы прошли субботники ко Дню строителей

В рамках республиканской экоакции «Таза Қазақстан» и празднования Дня строителей во всех восьми районах мегаполиса состоялись масштабные субботники, организованные управлениями коммунальной инфраструктуры, градостроительного контроля и акиматами районов. Строительные компании, жители и коммунальные службы мегаполиса объединили усилия, чтобы сделать город еще чище и уютнее.

В мероприятии приняли участие такие строительные компании, как: ТОО «Алатау Құрылыс Сауда», «Ayt Facility Managament», ТОО «Бат-Сат-1», ТОО «ECO City Building» и другие.

Субботником были охвачены знаковые объекты во всех районах города, включая жилые комплексы «Аккент», «Олимпик парк», «Рамс Эво», «Asyl Mura» и т.д. Всего в санитарно-очистных мероприятиях были задействованы 9568 человек и 86 единиц спецтехники.

Участники субботника занимались уборкой прилегающих территорий, мойкой тротуаров, уходом за зелеными насаждениями, очисткой арычных сетей, благоустройством общественных пространств и пешеходных дорожек, поливом и санитарной обрезкой деревьев, удалением сорной растительности, уходом за газонами и покосом травы. Дополнительно в каждом районе мегаполиса проведены локальные субботники с участием различных городских служб и правоохранительных органов.

Общими усилиями было вывезено 2 380 м³ мусора. Субботник стал значимым вкладом в улучшение экологической обстановки города и подготовке к празднованию Дня строителей.

В Алмалинском районе более 420 человек при поддержке 15 единиц техники собрали и вывезли свыше 60 м³ мусора. В Алатауском районе в уборке территории микрорайонов Дарабоз и Нуркент приняли участие 1270 человек, вывезено 320 м³ мусора, было задействовано 22 единицы спецтехники. Мероприятие сопровождалось концертной программой.

Жители Алматы проявили повышенную активность, они не только быстро собирали мусор, но и успевали общаться друг с другом.  Среди них были и пенсионеры.

– Несмотря на возраст, я рада помочь в уборке. Важно, чтобы наши дети и внуки жили в чистом и красивом городе. К тому же субботник – отличная возможность познакомиться с соседями и сделать что-то полезное для всех, – поделилась Людмила Викторовна.

В Жетысуском районе на улице Северное кольцо более 410 человек и 23 единицы техники очистили территорию от 120 кубометров мусора.

На улице Шалова и в микрорайоне Аксай-1А Ауэзовского района более 1200 человек вывезли 600 м³ мусора, было задействовано 25 единиц техники.

В Медеуском районе 350 человек и 20 единиц техники очистили улицы Бигельдинова, Розы Баглановой и Бейсеуова, вывезено 150 м3 мусора. Участники не только убрали территорию, но и получили неожиданные призы, а главным сюрпризом стало участие полного тезки поэта — 38-летнего алматинца Абая Кунанбаева.

–Эта экоакция – отражение нашей культуры, и дань уважения великому Абаю. В его творчестве природа занимает важное место, напоминая нам о бережном отношении к окружающему миру. Носить имя и фамилию великого Абая– для меня большая честь и огромная ответственность, я стараюсь соответствовать его принципам.  Молодежи желаю учиться, учиться и еще раз учиться, – рассказал алматинец.

В Наурызбайском районе 900 человек при поддержке 27 единиц техники вывезли 100 кубометров мусора с улиц Толе би, Ашимова и Жуалы.

В Турксибском районе, в микрорайоне «Алтай», к акции присоединились 870 человек, вывезено более 155 м³ отходов, было задействовано 14 единиц техники.

К акции присоединился молодой оперный певец Асан Ерасыл.

– Наш вклад в развитие страны не должен ограничиваться только творчеством, – сказал он. – Участие в таких акциях объединяет нас вокруг важных ценностей и позволяет делом доказать любовь к родной земле.

В ходе субботников проводились работы по уборке мусора, подметанию тротуаров, санитарной обрезке деревьев, поливу зелёных насаждений, приведению в порядок клумб и газонов, очистке арычной системы.

Организаторы выразили надежду, что подобные инициативы станут регулярными и будут вовлекать все больше горожан.

Соңғы жаңалықтарФоторепортаж

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ