АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматыда медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) өндіру бойынша фармацевтикалық кластер құрылады

Бұған дейін хабарланғандай, халықты дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі бірқатар қосымша шараларды қабылдады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

 

Қалада дәріханалар мен ауруханаларды дәрілердің қажетті қорымен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Алматыда бюджеті 5 млрд.теңге болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

Қосымша, Алатау «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында фармацевтикалық өндіріс реттелуде.

«Қалада медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

13.07.2020

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng