АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматының ірі 105 дәріханасында халық сұранысының 70 пайызын жабатын дәрілер қоры бар

Дәрілердің жоқтығы мен олардың бағасының көтерілуіне қатысты әрбір жағдай жеке қаралып, пысықталады – Алматы әкімдігі

 

Қалалық дәріханаларда белгілі дәрілік препараттарға сұраныстың артуына байланысты, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Алматы қаласындағы дәрімен қамту мәселесін шешу үшін қосымша шаралар қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және ҚР фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президенті Марина Дурманова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

​Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанға дәрілік препараттарымен 3 борт келген болатын. Қосымша 3 млн астам дәрі күтілуде, оның ішінде қызуды түсіретін препараттар, антикоагулянттар және антибиотиктер бар. Қазіргі уақытта айналымы 70 пайызды құрайтын қажетті дәрілік құралдармен Алматы қаласында 105 дәріхана қамтамасыз етілген. Қалада, сонымен бірге, дәріханаларда дәрілердің бар-жоқтығы мен олардың бағаларына қатысты тұрақты мониторинг жүргізілуде: препарат болмаған әрбір жағдай жеке қарастырылып, пысықталады.

Нарықты тұрақтандырып, дәрілік заттардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында өнімдер сертификатын алуды және бір реттік енгізу (әкелу) барысын жеңілдету, сонымен бірге, дәрілерді тіркелмеген қаптамамен енгізуге рұқсат ету бойынша шешімдер қабылданды.

Алматы қаласының дәріханалары мен стационарлы ауруханаларын дәрі-дәрімекпен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін бюджеті 5 млрд.теңге болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

«Медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Алматы қаласында жататын орындар қорының көбеюінен стационарлы ауруханалардағы науқастар саны көбейіп, дәріге де сұраныс артты. Осыған байланысты әкімдік бастамасымен медикаменттерді, шаруашылық тауарлар мен ауыз суды қала стационарларына тәулік бойы жеткізетін штаб құрылды. Сапарбаек Тұяқбаев сонымен қатар, стационарлы ауруханалардың жанында дәрігер жазған дәрілер тегін берілетін дәріханалардың бар екенін айтып өтті.

«Қазір қала нарығын дәрілік препараттармен қамтуға арналған барлық қажетті шаралар қабылданды», - деп қорытындылады Марина Дурманова.

Жеке тұлғалар дәріханаларды дәрілердің бар-жоқтығын және оларды қайдан алуға болатынын жедел желі телефондарына хабарласу арқылы біле алатынын еске саламыз. Заңды тұлғалар да медикаменттерді жеткізу мәселелері бойынша осы номерлерге хабарласа алады. Алматыдағы дәрілермен қамтамасыз ету және олардың бағасының жөнсіз қымбаттауы мәселелері бойынша жедел желі телефондары: +7 (775) 882 52 00, +7 (775) 882 53 92, +7 (775) 882 53 12, +7 (775) 882 54 16, +7 (775) 882 56 49.

13.07.2020

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng