^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қала активінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды
23 қаңтар 2018

Бүгін Алматыда ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы қала басшылығының, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, ҮЕҰ өкілдерінің және басқаларының қатысуымен талқыланды.

Алматы әкімі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында үш маңызды мәселені шешуді - экономикалық өсім мен азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуды, адами капиталды дамытуды, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды алға міндет етіп қойғанын атап өтті.

«Елбасы биылғы Жолдауында белгілеген 10 нақты міндет еліміздің әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа технологиялық дамудан қалыс қалмаудың негізгі тетіктері. Жаһанданудың түрлі сын-қатерлерін ұтымды еңсеріп қана қоймай, жаңа технологияларды қоғам өмірінде тиімді пайдалана білген жеңімпаздар қатарынан табылудың даңғыл жолы. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асырудың жобалық қағидасы бойынша біз эконономиканың одан әрі дамуын және қала келбетінің оң өзгерісін қамтамасыз ететін «Алматыны дамытудың 50 жобалар-драйверлері» туралы бастаманы қолға алдық. Әрбір жоба бойынша нақтылы мерзімдер, орындаушылар мен ресурстар анықталды. Әлеуметтік саладағы жобалар саны едәуір – 30%, көлік саласында – төрттен бірі, энергетика мен абаттандыру бойынша 10%. Бұлардың барлығы Жобаның мақсаттары мен міндеттіеріне сай, сондықтан оларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет», - деп атап өтті Бауыржан Байбек

Оның сөзі бойынша 50 драйверлердің ішіндегі маңыздысы - Индустриалды аймақты дамыту.Бүгінгі күні мұнда 180 млрд. теңгенің 41 жобасы іске асуда.Жобаларды жүзеге асыруда экспортқа бейімделуге, импортты алмастыруға және қала экологиясы мен қауіпсіздігі үшін өндірісті қала сыртына шығаруға жете назар аударған жөн. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалаға беріліп, «Алматы» АЭА болып қайта құрылатын «Алатау» инновациялық технологиялар паркі де бір драйверге айналады.Әлеуетті салалар тізімін кеңейту жоспарланып, фармацевтика, өндірістік қорғаныс, машина жасау салалары бойынша жобалар қолға алынады.

«Мемлекет басшысы кәсіпорындардың энергиялық үнемі мен энергия жинақтауына, энергияны шығаратындардың экологияны жасқартуға және жұмыс тиімділігіне талаптарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатқыл қалдықтарды заманауи утилизациялау мен өңдеу бойынша нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Біз қазырдің өзінде «жасыл энергетикаға» көшу бойынша жұмыстар жүргізудеміз», - деді әкім.

Мысалы, бүгінгі күні жеке сектордың 96%-ы газға көшірілген, жыл аяғына дейін жеке сектор толық газбен қамтамасыз етіледі, ал 2021 жылы - Алматы агломерациясы аймағындағы 4 мың жеке үйлер газдандырылады. ТЭЦ-1 модернизациялануда, тозығы жеткен қазандықтардың орнына құны 35 млрд. теңгеден асатын жаңа газ қазандықтары орнатылады. Қазіргі кезде «Самрұқ-Энергомен» бірге ТЭЦ-2 газға көшіруге қатысты ТЭО жасалуда.

Бұлардан өзге, экологиялық қоғамдық көлік пайда болады.Қазірдің өзінде автопарктердің 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар, автобус паркі 30%-ға жаңарды, метроның жаңа 2 бекеті салынуда. Биылғы жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК құрылысы жобасын қолға алу жоспарланған. FalconEuroBus қазақстандық-неміс компаниясы үшінші кезеңдегі электромобильдер шығаратын зауытты салуда. Электромобильдерді пайдалануды ынталандыру бойынша жұмыс жүруде, қазірдің өзінде қалада 12 электрожабдықтау станциясы жұмыс істеуде, 2019 жылдың соңына дейін тағы да 47 ЭЖ пайда болады.

ТҚҚ проблемасын шешу үшін 1 тамызға дейін итальяндық технология бойынша жылына қуаты 500 мың тонна қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосу жопарланған. Бұл қоқысты утилизациялаумен қатар 2020 жылға дейін ТҚҚ-дың жалпы көлемінен пайдалы компоненттердің 8%-ын анықтайды.

Мегаполис басшысы қала экономикасын дамытуда көлік- логистикалық инфрақұрылымды одан әрі модернизациялаудың маңызы зор екенін атап өтті. Қазірдің өзінде басталып кеткен ауқымды БАКАД жобасы Алматыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жүйесіне енгізіп, қаланың көлік жүектемесін 10%-ға азайтады. Әуежайды жаңғырту да осы бағытты дамытуға ықпал етеді. Бұлардан өзге, 2017 жылы 7 өзен көпірі жөнделді, 5 өтпелі жол салынды, 29 млрд. теңгенің ұзындығы 174 шақырымнан асатын жолдары жөнделді және салынды, бұл соңғы жылдардың рекордтық көрсеткіші болып табылады. 3 жолайрығы салынуда, 4 магистральды көше үңгіленуде.

Қаладағы 38 жоо ауқымды ғылым- білім потенциалы болуда және оларды инновация мен жаңа технологияларды шешуде тиімді пайдалану қажет. «Алматыны дамытудың 50 жобалар - драйверлері» бастамасына екі жаңа халықаралық мектептер құрылысы да енген. Оқушылар сарайы базасында кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін Бизнес-инкубатор құрылады. Жастар саласының мәселелерін шешу үшін 2020 жылға дейінгі жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы қабылданған. Оның мақсаты – жас азаматтардың шыңдалып өсуіне барлық жағдайды жасау.

Жалпы, 2017 гжылы 45 мың жаңа жұмыс орны ашылды, ал биылғы жылы 32 мың адам еңбекпен қамтылып, олардың 8 мыңға жуығы мемлекеттік қолдауға ие болады, яғни жұмысқа тартылады, кәсіби білім мен гранттар алады.

«Адами капиталды дамытудың басты аспектісі - ұлттың денсаулығы. Сондықтан науқастың алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Бұл - ең алдымен алғашқы диагностиканы дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Алдағы үш жылда драйверлерді іске асыру үшін 4 ірі медициналық нысандар салынады, олар: онкологиялық орталық, қазақ -жапон диагностикалық орталығы, ЭКО орталықпен бірге перзентхана, MountSinai халықаралық госпиталі», - деді қала басшысы.

Мегаполис әкімі Жолдауды жүзеге асыруда цифрландыру аспектісі мен Smartcity жобасының маңызы зор екенін айтты. Бүгінгі күні Алматы – цифрландыру бойынша Қазақстан қалалары арасында көшбасшы, IT-өнімдерде қаланың алатын үлесі 50%. Smartcity аясында қауіпсіздік, селдің алдын алу мониторингі, қоғамдық көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында цифрлы жобалар жүзеге асуда. Барлық цифрлы жобалар экономикалық тиімділік, ашықтық, кедергілерді және муниципиалды қызмет көрсету мерзімін қысқарту, өмір сүру мен бизнесті дамытуға жақсы жағдай жасау сияқты басты қағидаларға негізделген.

Қалалық актив барысында Алматыны дамыту орталығының басшысы Жанна Төлегенова Индустрия 4.0 мен қазірдің өзінде жүзеге асқан Смарт Алматы жобалары туралы айтты. Оның айтуынша, пилотты режим ретінде CISCO халықаралық компаниясымен бірге интеллектуалды көлік жүйесі қолға алынған. ТҮКШ, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық, білім, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында смарт- жобалар іске асуда.

№71 мектеп- лицейдің директоры С.Кулик Президенттің халыққа арнаған Жолдауындағы басты міндеттің бірі қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру екенін атап өтті.

«Әрине, басқа графикаға көшкен кезде міндетті түрде тіл жакңарады. Ең алдымен бұл заманауи технологиялар мен коммуникацияларды енгізуге, 21 ғасырдағы ғы лым мен білім процесстеріне қатысты. Латын графикасы барлық қолданыста мемлекеттің тілдің мәртебесін арттырады. Лингвистердің айтуынша, осы жағдайда жаңа терминдерді, өзге сөздерді қазақ тіліне енгізу проблемасы жойылып, біз өз фонетикамызға барынша жақындайтын боламыз. Ал бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетіліп,Президент Жолдауында айтылғандай Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болып табылады», - деді ол.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13