^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда №137 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты
14 ақпан 2018

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №137 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды көрді.

Бұрындары бұл бағыт бойынша жоспарланған 20 көліктің небәрі 6 ғана жолға шығатын, соның салдарынан қозғалыс интервалы 50 минут болатын. Бұл бағыт тұрғындарға өте қажет, көлік «Қайрат» елді мекенін, Алматы-1 теміржол вокзалын, Универсалды базарды, Сайран автобекетін, Қалқаман елді мекенін, №7 қалалық емхананы, Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қамтиды. Осыған орай, бұл бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен төмен еденді 20 автобусы бар «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетуі тиіс деген шешім қабылданды. Соның арқасында бағыттағы интервал бұрынғы 50 минуттан 12 минутқа дейін қысқарып, жолаушы легі бес есе артады деп күтілуде.

«Біз екі жылдан астам уақыт бойы кез- келген мегаполисте күрделі болып табылатын көлік реформасын жүргізудеміз.Бюджет қаржысы есебінен автобустарды сатып алудамыз, жеке тасымалдаушылар да қозғалмалы составты жаңартуда. Алайда, кейбіреулер жеке қаржыларын салуға, нарықтық қатынаста жұмыс істеуге дайын емес, Мысалы, №137 бағыттағы автобустар сонау 2003 жылы ғана жаңарған екен. Бүгінгі күні автопарктерін жаңартқан компанияларға субсидиялар бөлінеді барлық тасымалдаушыларға жеңілдетілген жолаушылар үшін төлем беріледі. Қазіргі кезде алдағы болашаққа жұмыс істейтін компаниялар үшін нарық жариялы, тиімді, барлық жағдайлар жасалған», -деді мегаполис әкімі.

Бауыржан Байбек Алматы қаласы үшін тасымалдау қыземт көрсететін 1400 автобустың аздық ететінін, қалада 2 млн. адам тұратынын, сондықтан көлікті реформалау аясында тұрақты жұмыстардың жүзеге асып жатқанын, газбен жұмыс істейтін 200 автобусқа есептелген автопарктің, электроавтобус құрастыратын зауыттың, метро бекеттерінің салынып жатқанын және ЖРК жобасының қолға алынғанын айтты.

Еске салсақ, Алматыда №131, 115, 127, 12, 22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112,22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13