^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 маусым 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
14 ақпан 2018

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Білім басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Мәдениет және мұрағаттар басқармасының жаңа басшылары тағайындалды.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Гүлнар Ходжабергенова бекітілді. Ол өзінің педагогтық қызметін 1985 жылы Алматы қаласындағы С. Шәкіров атындағы мектеп- интернатта бастаған. Түрлі жылдары қаланың бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор, сонымен қатар Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандарында білім бөлімінің басшысы болған.

Бұрын Білім басқармасының басшысы болған Рахат Шимашева енді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік етеді. Өз кезегінде Мамай Ахетов қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұлардан өзге,Мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы да ауысты. Бүгінгі күнге дейін Ханзада Есенова қалалық мәслихаттың депутаты болды, ұзақ жылдар бойы А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры қызметін атқарған.

Бұрындары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, басшысы болып Мейіржан Отыншиев тағайындалған еді. Ол түрлі жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып істеген, соңғы 3 жылда осы басқарма басшысының орынбасары болған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бауыржан Байбек Алматының стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті »»
20 маусым 2018 - 17:16
Алматы әкімі Бауыржан Байбек цифрландыру күндері аясында қаланың стартап - компанияларының өкілдерімен кездесті. «Smart.Poin» технологиялық кеңістігінің алаңында бейресми түрде стартап - ортаны дамытудың барынша маңызды мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні Алматы цифрландыруды енгізу және еліміздің барлық ІТ өнімдерін шығару бойынша көшбасшы. «Ақылды қала» концепциясы барысында қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және денсаулық сақтау салаларында жүйелі цифрландыру жобалары іске асуд...
Алматыда ТМД-да баламасы жоқ жоғары технологиялы жаңа зауыт салынды »»
19 маусым 2018 - 14:59
«Алматының 50 жобалар-драйверлері» бастамасы аясында мегаполистің Индустриалды аймағында «Tokyo Rope Manufacturing» трансұлттық корпорациясының инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын жаңа зауыты техникалық тұрғыда ашылды. Кәсіпорынның ТМД-да баламасы жоқ және жапондық инвестиция есебінен салынды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жоғары технологиялы зауыттың ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік инвестицияны тарту және респбулика аймағында инновациялық өндіріс құру жөн...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2018» фестивалі өтті »»
18 маусым 2018 - 15:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2018» мектеп фестивалі барысында түлектерді орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты және «Алтын белгіні» алуларымен құттықтады. Биылғы жылы мегаполисте орта мектепті 9030 түлек бітірді, олардың 518 оқушысы «Алтын белгіні» иеленді. «Бұл күн сендер үшін ерекше есте қалатын сәт және үлкен өмірге деген оң қадам! Естеріңде болсын, егер білімге деген құштарлық, алға деген ұмтылыс жігерлеріңді жаныса, ізгі мақсатта...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13