^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда газбен жүретін «Iveco» маркалы автобус тестен өтеді
06 сәуір 2018

Итальяндық «Iveco» компаниясы Алматы бағыттарында газбен жүретін автобустарды көрсетті. Бұл төмен еденді автобус, ұзындығы 12 метр, кондиционермен, пандуспен, видеокамерамен жабдықталған, сыйымдылығы 100 жолаушыға дейін.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов газбен жүретін автобус үш ай бойына «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» мұз айдынына дейін баратын №12 бағытқа қызмет көрсететінін айтты.

«Аталған маркалы автобустар әлемдік нарықта өздерін жақсы қырынан көрсетті, дегенмен біз оны Алматы жағдайында тексеріп көреміз, сондықтан жүктемені анықтау үшін осы бағыт таңдап алынды. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалада көлік реформасы аясында газбен жүретін автобустарға қатысты қажетті инфрақұрылым жасалуда, жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілген, Алатау ауданында 200 автобусқа арналған автопарк құрылысы жүруде, сондықтан өндірушілер қызығушылық танытуда. Бағасына, сапасына қатысты барлық мәліметтер жиналған соң тасымалдаушылар белгігі маркалы автобустарды алатын болады», - деді ол.

«CNH Industrial» өңірлік менеджері Роберто Бонзо автобустың Алматыға Еуропадан әкелінгенін және барлық жоғары сапалы стандарттарға сай екенін атап өтті.

«Егер Алматы тасымалдаушылары біздің марканы қаласа, Қостанай қаласындағы зауытта жасалып, құрастырылатын отандық автобустарды ұсынамыз. Мұнда тиісінше ұтымды баға мен шартты жағдайлар да болады», - деді «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-тің басқарушы директоры Орудж Назаров.

Еске салсақ, №12 бағытында газбен жүретін «Mercedes-Benz» маркалы автобус да тестен өтуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13