^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек жұмыс істемейтін субұрқақтарды қалпына келтіруді және жасыл желек аумағын ұлғайтуды тапсырды
09 сәуір 2018

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Абай, Абылай хан, Желтоқсан, Назарбаев даңғылдарын және басқаларын аралап көрді. Қаланың тиісті басқармалары мен коммуналдық қызметіне бұрыннан бар субұрқақтарды қалпына келтіруді, жүргінші аймағы мен тротуарларды ұлғайтуды, нысандар жанындағы жасыл желекті түзеуді, тарихи ғимараттардың сыртына ежелгі келбетін қайтаруды тапсырды.

«Қаланың тарихи орталығын жаңарту - таяу арада атқарылатын үлкен жұмыстардың басы ғана. Қазір біз төгілген асфальтты, жүру аймағындағы түрлі құрылыстарды, көлік арасынан амалсыз өтетін жандарды, өзі әдемі болғанымен сыртына түсініксіз нәрселер жапсырылған тарихи ғимараттарды көрудеміз. Әр квартал, әрбір көше жөнделіп, ретке келтіріледі. Алматының бұрынғы тартымдылығын қайтаратын кез жетті», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жер асты өтпелі жолдарды да көрді. Мегаполис басшысы бұлар жөнделетін кезде бұрылыстарда жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, биылғы жылы қаланың тарихи орталығын жаңарту одан әрі жалғасады. Ғимараттардың сырты жаңарады, жүргінші аймақтары кеңейеді, кіру топтары бірыңғай архитектуралық сипат алады. Жоба Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы мегаполисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған «Алматыны дамытудың 50 драйверінің» бірі болып табылады.

Еске салсақ, бұрындары Бауыржан Байбек тротуарлардың бойында түрлі құрылыстар жүргізіп, жаяу жүргіншілерге көп кедергі келтіретіндерді анықтау жөнінде тапсырма берген еді. Стихиялы тұрақтардың алдын алу, жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру үшін көше қозғалысы қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Алматыда 2018 жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді, Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады.Жол жиегін жөндеу барысында тротуарлар абттандырылады, арық науалары алмастырылады, қолданылмайтын конструкциялар жойылады, бұған қоса тұрақ қалталары қиғаштанады.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13