^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 шілде 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі православ және католик шіркеулерінің дінбасыларымен кездесті
12 сәуір 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен, сонымен қатар епископ Джузеппе Фавале бастаған Конверсано және Монополи епархиясының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында діни және ұлтаралық келісім,қаланың этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды.

«Біз бұл жерден шынайы толеранттықты, Қазақстан жерінде жоғары бағаланатын барлық конфессиялардың бейбіт және әлеуметтік өмірін көрдік. Мен Алматы сынды әсемқаланы, әлемнің әр бұрышынан адамдар қуана келетін осындай қонақжай мекенді, Қазақстанды, біз бүгін көрген бай ұлттық мұра мен ғажап табиғатты барынша көп жандардың білгенінен қалаймын», - деп атап өтті епископ Джузеппе Фавале.

Ол Қазақстанның түрлі ұлттар мен түрлі діни сенімдерді айналасына шоғырландырғанын айтты. Өзінің сөзінде ол бай тарихи киелі жерде бейбітшілікті сақтауда, өзара ынтымақтастықты қалыптастыруда осындай өнегелі жұмыстарды одан әрі жалғастыра беру керектігін жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Қазақстан халықтары Ассамблеясына Алматы қаласы бойынша 34 этномәдени бірлестіктер кіреді, этникалық БАҚ шығып тұрады, бірнеше ұлттық театрлар бар, 13 жексенбілік мектеп ана тілін оқыту бойынша нақтылы жұмыстар жүргізуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады және жарық желілері жөнделеді »»
18 шілде 2018 - 13:41
Алматыда VI-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвес...
Алматы қаласының әкімі Швейцарияның экономика, білім және ғылым министрімен кездесті »»
13 шілде 2018 - 18:39
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцарияның Федералды кеңесшісі, экономика, білім және зерттеу Федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, стартаптарды қолдау және «Smart city» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында түрлі бағыттар бойынша кең спектерлік серіктестік орнықты, бүгінгі күні Швейцария Қазақстанның үшінші ірі шетелдік инвесторы болып табылады. Алматыда сауда, медицин...
Алматы әкімі қаланың инженерлік желілерін қайта жасау қарқынын жеделдетуді тапсырды »»
12 шілде 2018 - 12:47
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланың инженерлік желілерін қайта жасау жұмыстарын тексерді. Биыл жазда мегаполисте 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделуде, 120 мыңнан астам абоненттер үшін газ құбырлары кеңейтіліп, сумен қамтудың жаңа жүйелері жүргізілуде. Дулати көшесі бойындағы ұзындығы 8,8 шақырым кәріз коллекторы учаскесінің құрылысын қарап шыққан мегаполис басшысы қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. «Барлық об...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13