^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір 2018

Биылғы жылы мегаполисте «Алматыны дамытудың 50 жоба- драйверлері» бағдарламасы аясында бірқатар ірі өндіріс нысандарын салу жоспарлануда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың инфрақұрылымдарының құрылысын тексерді, мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының 40-тан астам отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек ең алдымен мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы жоғарытехнологиялы зауыттың құрылыс алаңында болды. Қазақстандық- қытайлық «Asia Steel Pipe Company» кәсіпорнының іске қосылуы Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнмідерінің 60%-ын қамтамасыз етеді.

Алматы әкімі кабель желілерін шығаратын ресейлік компанияның «КМК Investment» зауытының, Жапониядан тыс жерде баламасы жоқ инженерлік желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Tokyo Rope Almaty» зауытының құрылыс қарқынымен танысты.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек өндірістік қуаты қаланың қалдықтарын толық өңдейтін қалдық сұрыптайтын кешенді аралап көрді.

Жобаны жүзеге асыру барысында ТҚҚ жинайтын, тасымалдайтын, сұрыптайтын басқару кешенін енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде айнала қоршаған ортадағы экологиялық жүктемені азайтады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы 200 жолаушы автобусына есептелген №3 коммуналды автобус паркінің құрылысымен де танысты.

Жаңа автобус паркі бірмезетте 10 автобусқа қызмет көрсететін газ қондырғыларымен жабдықталады. Автобус паркінде техникалық қызмет көрсету, көлікті жуу, жүргізушілер тынығып, ұйықтайтын әкімшілік- тұрмыстық блок нысандарын салу қарастырылған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13