^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді
16 сәуір 2018

Күн сайынғы жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, сонымен қатар «Алматы-1» теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы аталған аудан қаладағы бұрынғы елді мекендердің бірі әрі мұндағылардың басым бөлігі жеке скетор екенін, сондықтан заманауи стандарттардың барлығына жауап беретін жаңа орталық қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Жүргіншілер үшін жайлы жағдай тек қала орталығында ғана болуы тиіс емес. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында біз тұрғындар үшін көшелер мен аулаларды, жүргінші кеңістіктерін жаңартып, жасыл желекті кеңейтеміз, парктер мен скверлерді тартымды етеміз. Жүргіншілер жүретін тротуарларды басып қалған заңсыз құрылыстарды анықтау үшін жеке жұмыстар жүруде», - деді аралау кезінде Бауыржан Байбек.

Мысалы, жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан өзге тағы да 50 аула жаңарады.Модернизация аясында жарық көздері ауыстырылады, спорт және бала алаңдары пайда болады, жолдар жөнделеді.

Биылғы жылы екі жер асты жолы күрделі жөнделеді және тоғыз көше жаңарады. Ержанов көшесінің шығысын және Тынышбаев көшесінің оңтүстігін алып жатқан «Детский-Балалар» саябағындағы балалар және спорт алаңдары кеңейеді, жасыл желек қоры ұлғайып, суару жүйесі орнатылады. Бұлардан өзге, Сауранбаев көшесі бойында жүргінші аймағын жасау қарастырылған.

Қала басшысы «Алматы-1» теміржол вокзалында болғанда оған айналаны жаңарту,вокзалды күрделі жөндеуден өткізу және перрондарды кеңейту туралы баяндалды. Бауыржан Байбек қала қызметтеріне жүргіншілерге қиындық туғызбау үшін вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маңындағыы сквер мен оның айналасын абаттандыруды тапсырды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13