^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек «Сайран» автовокзалының ғимаратын жөндеуді және оны жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырды
17 сәуір 2018

Күнделікті жұмыс апары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық «Сайран» автовокзалының ғимараты мен оның айналасын және «Саяхат» автобекетін аралап көрді. Мегаполис басшысы «Сайран» автовокзалының көптен бері халықаралық деңгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» жол картасы аясында қала сервисі мен оның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарын реконструкциялау мен қызмет сапасын жақсарту барысында біріккен жоспар қабылданған еді. Дегенмен, мегаполистің автомобиль вокзалдарының жағдайлары қанағаттанғысыз болғандықтан жаңартуды қажет етеді.

Бүгінгі күні «Сайранның» вокзал алды айналасында бірқатар құрылыстар бар, кеңестік модернизм стилінде салынған ішкі әрлеудің элементтері мен ғимараттың сыртқы келбеті бұрынғы бейнесінен біршама айрылған, соның салдарынан архитектуралық бірегейлігін жою қаупі бар.

Фотография

Ішкі туризм әлеуетін дамытуды ескеріп Бауыржан Байбек күн сайынғы жолаушы легі 1200 адамды құрайтын автовокзал айналасын ретке келтіруді және оның ғимаратын жөндеуді тапсырды. Заңнамаға сәйкес нысанды жергілікті маңызы бар тарихи есекрткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады. Айта кетерлігі, бұрындары мегаполис басшылығы құны 20,2 млрд. теңгені құрайтын «Батыс» автовокзалын салу жөніндегі жобаны бекітпеген еді.

«Өткен жылы басталған қаланы қайта жаңғырту аясында біз Алматыға бұрынғы тарихи келбетін қайтарудамыз. Ең алдымен, нысандарды алғашқы бейнелерін сақтау қаджет. Сарапшыларды тарта отырып, жолаушылар легінің логистикасын толық қайта қараған жөн. Яғни біз тарихи нысанды қалпына келтіріп, вокзалдың барша қызметін жаңаша жүргізіп, оны қаланың көлік хабына айналдырамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Фотография

Қазіргі кезде автовокзал айналасында заңсыз салынған құрылыстар алынуда. Автовокзал айналасында бұрындары саудамен айналысқан кәсікерлерге ауданның сауда орындары мен базарларынанн жеңілдетілген орындар ұсынылады.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала маңындағы елді мекендерге қызмет көрсететін «Саяхат» автобекеті мен оның айналасын аралап көрді. Жер учаскесінің иелері оның айналасын абаттандыру бойынша тиісті жұмыстарды бастауға және одан әрі дамыту жөніндегі нақтылы жоспарды қысқа мерзімде ұсынуға міндеттенді.

Фотография

Фотография
  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды »»
18 қазан 2018 - 10:40
Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді. Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі...
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды »»
17 қазан 2018 - 18:12
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды. Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардың 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді. Жүргізілген ...
Алматыда бірқатар жер телімдері мемлекеттік қорға қайтарылады »»
17 қазан 2018 - 13:01
Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, «жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет» делінген. Қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталды, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді,...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13