^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді
20 тамыз 2019

Бүгін, 20 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу»жобасы бойынша брифинг өтті.

 

 

Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 19 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындардың дауыс беруі өтеді, онда жеңімпаз жобалар анықталады.

Бюджетке қатысу немесе партисипативтік бюджет – бұл азаматтардың қатысуымен әзірленген жергілікті бюджет. Қала тұрғындары бюджеттік үдерістің барлық сатыларында - жоспарлау, талқылау және мониторинг сияқты басым мәселелер бойынша қаржылық шешімдерді қарауға және қабылдауға үлес қосады.

Алғаш рет партисипативті бюджет 1988 жылы Бразилиядағы Порт-Алегри қаласында енгізілді. Азаматтар қалалық бюджетті бөлуге қатысты. Партисипативтік бюджет Порт-Алегри қаласына инфрақұрылым, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй жағдайлары бөлігінде өмір сүру жағдайын жақсартуға көмектесті. БҰҰ бұл процесті «оң тәжірибе» үлгісі ретінде таныды. Дүниежүзілік банк партисипативті бюджетті қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша құралдар жиынтығына қосты.

Бүгінде партисипативті бюджет Нұр-Сұлтан, Париж, Лондон, Сеул, Мәскеу, Киев, Лейпциг және Ош қаласында қолданылады.

Алматыдағы бюджетке қатысуыдың мақсаты - қала тұрғындарының ұсыныстары мен бастамалары негізінде мегаполис аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады.

Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы беріледі. Ол үшін өтінімді толтыру қажет (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде қоса тіркеу қажет (шамамен алынған болуы мүмкін). Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша ағымдағы жағдайының фотосуреттерін және презентацияларды қоса аласыз.

Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Іске асыруға рұқсат беру үшін жоба Алматы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Жобалық ұсыныстар мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:

  • бір автор - бір өтінім - бір объект;
  • жалпы пайдалану объектісі;
  • объект оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;
  • әкімдіктің құзыреті шегінде болу және т. б.
  • Мынадай жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбей ЖСҚ әзірлеуге ғана есептелген;
  • фрагментті (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап ететін);
  • Алматы қаласын дамыту бағдарламасына және ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін;
  • коммерциялық сипаттағы және т. б.

Аудандық әкімдіктердің сараптау комиссиялары жобалардың Тәртіп талаптарына, ҚР заңнамасының талаптарына, Алматының даму бағдарламасына сәйкестігіне іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ пилоттық жобаның іске асырылу қорытындысын қарайды.

Аудандық әкімдіктің сараптау комиссиясының дербес құрамын аудан әкімі қалыптастырады және бекітеді.

Сараптама комиссиясының құрамына:

  • кемінде екі мәслихат депутаты;
  • аудандық сәулетші;
  • құрылыс саласындағы маман;
  • құрылыс жобалары бойынша шығындар сметасын жасау бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман;
  • Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кемінде төрт өкілі;
  • қоғамдық ұйымдардың кемінде төрт өкілі кіреді.

Бюджетке қатысу туралы кеңесті немесе ақпаратты Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 224 39 29 (ішкі 203, 103).

Өтінім беру барысында техникалық қиындықтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 775 818 05 73.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
2020 жылдың 26 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
26 мамыр 2020 - 10:29
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Байтұрсынов – Мақатаев – Сейфуллин – Райымбек – Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің аумағы.   Алатау ауданы бойынша: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас – Теректі.   Әуезов ауданы бойынша: 8, 9, 10, 10А, 11 ш/а., Таугүл, Таугүл-1, 2 ш/а. Навои, Тотабаев, 2-ші, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветоч...
Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz