^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары туралы
21 тамыз 2019

Бүгін, 21 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары және күзгі-қысқы кезеңде Тұрақтандыру қорын жасақтау туралы брифинг өтті.

 

 

Қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарова өзінің сөзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралардың жүзеге асқанын атап өтті. Мысалы, 29 сауда объектілеріне тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Бағаны негізсіз көтерген фактілер бойынша сауда орындарымен келіссөздер жүргізілуде.

Апта сайын қаланың 5 аудандарында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб) «демалыс күні» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп тұрады. Күз айларына төрт тақырыптық (JidekFest, ArbuzFest, AlmaFest, BalFest) және алты кеңейтілген жәрмеңкелер өткізу жоспарланған, оларға Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады.

Сауда орындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын 15%-ға дейін, отандық тауарлар қатарын кем дегенде 30%-ға тұрақтандыру әрі ӘМТӨ жеткізетіндерді ынталандыруды (ретро-бонустарды) жою, қалған азық-түлік тауарларының бағасын 5 пайыз деңгейінен сәл ғана асыру бойынша келісімдер жасалуда. Сонымен қатар, ет өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім жасау және сиыр етін бірден қаланың сауда орындарына жеткізу жоспарланған.

Қазіргі кезде Тұрақтандыру қорында 2,5 мың тонна өнім (өсімдік майы - 699 литр, қант - 1,5 мың тонна, қарақұмық жармасы - 348 тонна) қоры бар, маусымдық өзгерістерге орай олар халыққа төмен бағамен сатылатын болады. Өнім қоры тек отандық тауарлардан құралады.

Тұрақтандыру қорына 2016-2018 жылдары жалпы құны 1,3 млн. теңге болатын 5,7 мың тонна өнім сатып алынған еді, 558,23 млн. теңгенің 3,2 мың тонна өнімі интервенцияланды.

Almaty Finance басқарма төрағасының орынбасары Азизжан Тұрғановтың Тұрақтандыру қорының жұмысын оңтайландыру әрі бағаны тұрақтандыру үшін 2017 жылдың желтоқсанынан жеке сауда орындары иелерінің кеңінен тартылғанын айтты.

Бағаны тұрақтандыру бойынша бірігіп атқарған жұмыс барысында ауысым аралығында серіктеске банктік кепілдеме негізінде қайтарылуы тиіс 750 млн. теңге бөлінді. 2019 жылдың желтоқсан айының соңы мен 31 мамыр аралығында 36 супермаркеттер желісінде 10 433,1 тонна өнім сатылды. Соның ішінде: 4678,9 тонна картоп, 2516,4 тонна пияз,2029,8 тонна сәбіз, 1207,9 тонна капуста.

Сараптама жобаның тиімді екенін көрсетті: бұларда баға қала бойынша отраша бағадан 15-25%-ға төмендеді, соның арқасында өзге сауда орындарында баға 5-15%-ға азайды.

Сауда желілері қаржыны қайтарды, жобаның тиімділігін ескере отырып, биыл оны қаржы айналымына қолдану жоспарланған. Сатып алынатын өнім көлемі ұлғаяды, оның ішінде бакалея, сату мерзімі ұзарады, жобаға өзге сауда орындары тартылады.

Анықтама үшін:

Жыл басынан бері Алматыда баға индексі 109%-ды (ҚР бойынша - 109%) құраған, 14 әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты бағаның өсуіне орай, пияз (159,7%), сәбіз (147%), күріш (124,7%), картоп (123,2%),сиыр еті (116,4%), сары май (114,7%). Бұлардың бағасы өскенімен орамжапырақтың (17,2%), сүзбенің (9,8%), қанттың (7%), сүттің (0,9%) бағалары төмендеген.

Маусым бойынша бағаның өсуі өткен жылғы өнім қорының аздығынан, сатып алу бағасының қымбаттауынан.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
2020 жылдың 26 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
26 мамыр 2020 - 10:29
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Байтұрсынов – Мақатаев – Сейфуллин – Райымбек – Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің аумағы.   Алатау ауданы бойынша: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас – Теректі.   Әуезов ауданы бойынша: 8, 9, 10, 10А, 11 ш/а., Таугүл, Таугүл-1, 2 ш/а. Навои, Тотабаев, 2-ші, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветоч...
Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz