^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 6 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтатылды
30 наурыз 2020

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады.

 

Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып отыр.

Енді Алматы қаласындағы «Алматы халықаралық әуежайына» барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылатын болады.

«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдап, оның орындалуын бақылау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерге жүктеледі. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қоғамдық кеңістіктерді жаппай дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады »»
05 маусым 2020 - 17:11
Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық кеңістіктерді дезинфекциялау күшейтілді.   Ертеңнен бстап қаланың барлық қоғамдық орындарына ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізудің жаңа кезеңі басталады. Ең алдымен жұрт көп жиналатын алаңдар, көшелер мен парктер, скверлер, жаяу жүргінші аймақтары залалсыздандырылады. Осылайша, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша дезинфекция жасау үшін қала орталығ...
2020 жылдың 5 маусымы бойынша Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай »»
05 маусым 2020 - 16:29
Қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасуда, тек өткен тәулік ішінде ғана белгісі байқалған 49 оқиға анықталды, ал бір апта ішінде – 334 оқиға. Осылайша, бізде барлығы 2790 оқиға тіркелді, 10 адам қайтыс болды.   Індетті жұқтырушылар статистикасы пандемия ауқымының әлі де азаймағанын көрсетеді. Осыны ескере отырып, қаланың бас санитарлық дәрігері әрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейтін жауапты адам ретінде, соңғы кездері әлеуметтік желілерде та...
2020 жылдың 5 маусымында жауған жаңбырға қатысты абаттандыру қызметінің атқарған жұмыстары бойынша ақпарат »»
05 маусым 2020 - 15:16
Алматы қаласында 2020 жылдың 5 маусымы күні сағат 09:07 де үзілістермен жаңбыр жауды.   Су басып қалу қаупінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізу және сорып алу үшін құрамында 348 адам, 172 арнайы техника бірлігі және мотопомп бар мобильді топ жұмылдырылды. Қаланың су басып қалу қаупі бар учаскелерінде мердігерлік ұйымдар кезекшілік етті. Құм салынған 2710 қап әзірленді. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша су басып қалу о...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz