^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 6 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020

2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

 

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек.

Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет:

№1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27

№2 үлгі (кәсіпорындардың қызметкерлері бойынша); https://forms.gle/VfGnYntKy3aA5pc69

№1, №2 үлгілер толтырылғаннан кейін автоматты түрде жіберіледі.

Толтырылған үлгілерді 2020 жылғы 1 сәуір сағат 18.00-ден КЕШІКТІРМЕЙ жіберу керек!

Сонымен бірге, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 27 наурыздағы №6 хаттамасында жұмыс күнін мүмкіндігінше қысқартып, жеке қорғаныс құралдары жоқ қызметкерлерді мекемеге кіруіне жол бермеу ұсынылғанын хабарлаймыз.

Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі сағат 6.00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Жылжымалы құрамның саны да 50%-ға азайып, автобустардың қозғалыс аралығы ұлғаяды. Сондай-ақ, жұмысын жалғастырып отырған компанияның қызметкерлері өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама алып жүрулері керек. Мына жерден жүктеп алуға болады.

Егер мекеменің (ұйымның) жұмысын жалғастыруына рұқсат берілмесе, бірақ аталған мекеменің (ұйымның) басшысы бұл мекеменің (ұйымның) қызметі қаланың тұрғындары мен оның тіршілігіне қажет әрі маңызды деп санаса, негізделген жазбаша өтінішті business_stab@almatydc.kz email поштасына жолдау қажет.

X

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қоғамдық кеңістіктерді жаппай дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады »»
05 маусым 2020 - 17:11
Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық кеңістіктерді дезинфекциялау күшейтілді.   Ертеңнен бстап қаланың барлық қоғамдық орындарына ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізудің жаңа кезеңі басталады. Ең алдымен жұрт көп жиналатын алаңдар, көшелер мен парктер, скверлер, жаяу жүргінші аймақтары залалсыздандырылады. Осылайша, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша дезинфекция жасау үшін қала орталығ...
2020 жылдың 5 маусымы бойынша Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай »»
05 маусым 2020 - 16:29
Қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасуда, тек өткен тәулік ішінде ғана белгісі байқалған 49 оқиға анықталды, ал бір апта ішінде – 334 оқиға. Осылайша, бізде барлығы 2790 оқиға тіркелді, 10 адам қайтыс болды.   Індетті жұқтырушылар статистикасы пандемия ауқымының әлі де азаймағанын көрсетеді. Осыны ескере отырып, қаланың бас санитарлық дәрігері әрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейтін жауапты адам ретінде, соңғы кездері әлеуметтік желілерде та...
2020 жылдың 5 маусымында жауған жаңбырға қатысты абаттандыру қызметінің атқарған жұмыстары бойынша ақпарат »»
05 маусым 2020 - 15:16
Алматы қаласында 2020 жылдың 5 маусымы күні сағат 09:07 де үзілістермен жаңбыр жауды.   Су басып қалу қаупінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізу және сорып алу үшін құрамында 348 адам, 172 арнайы техника бірлігі және мотопомп бар мобильді топ жұмылдырылды. Қаланың су басып қалу қаупі бар учаскелерінде мердігерлік ұйымдар кезекшілік етті. Құм салынған 2710 қап әзірленді. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша су басып қалу о...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz