^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссияның 01.08.2019ж. жағдай бойынша жұмысы туралы

2019 жылғы 01 тамыздағы жағдайы бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудағы бас тартулардың заңдылығы мәселесі бойынша Комиссия 101 отырыста 1 280 өтініш қарап шықты, оның ішінде 2019 жылы Комиссияның 14 отырысында 114 өтініш қаралды.

Комиссияның шешімдері бойынша, заңды бас тартулар – 757 болып отыр, ол Комиссия қараған шағымдарының жалпы санының 59,1% құрап отыр. Бұл ретте, Комиссия Бағдарлама аясында қайта қаржыландыруға ұсынылған 193 бас тартуларды немесе тиісінше 15,1% заңсыз деп қабылдады. Сондай-ақ 277 бас тарту немесе бас тартулардың 21,6% заңды деп қабылданды, дегенмен, Комиссия ЕДБ-ның мекенжайына ұсынымдар жіберу шешімін қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, Бағдарламаның 2-бөлімі шетел валютасымен берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды көздейді. Осы бөлімге сәйкес Комиссия екінші деңгейдегі банктерден 68 бас тартуды қарастырды және келесі шешімдер қабылданды: заңды бас тарту - 26, заңсыз - 21 және 17 заңды бас тарту, алайда Комиссия банкке ұсыныс жіберу туралы шешім қабылдады.

 

Банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тарту себептерін талдау негізінде, ол мына себептер бойынша орын алағнын куәландырады:

- қосымша мүліктің болуы – 54,5% (698)

- теңгемен берілген қарыз бойынша кешіктірудің болмауы – 16,3% (208)

- қарыз сомасы мүмкін мәнді асырады – 6,6% (85)

- кепілдің Бағдарлама талаптарына сәйкессіздігі – 6,0% (77)

Шағымдардың көбі қарыз алушылар өтініштерінің жалпы санының «Қазақстан халық Банкі» АҚ (бұрынғы «Казкоммерцбанк» АҚ) 34,1% немесе 436 өтініш, «Forte Bank» АҚ – 19,1% немесе 244 өтініш және «ЦентрКредит Банкі» АҚ (16,9% немесе 216 өтініш) қарыз алушыларынан келіп түседі.

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56