05/12/2025 14:18

Алматыдағы Медеу – Шымбұлақ жолына 4 «Сергек» камерасы орнатылды

Алматыда Медеу – Шымбұлақ тас жолында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы 40 км/сағ жылдамдықпен шектелді. Олар Медеу биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі 7 шақырымдық жерде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының көбеюіне және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін есепке алу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан басталады.

Айта кетейік, Алматыда барлығы 7894 «Сергек» ҚХА камерасы жұмыс істейді. Олар 2021 жылы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын жүзеге асыру аясында орнатылды.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ