248


Крокустың гүлденіп, Есентай өзенінің жағалауы жаңа реңкке боялды – бұл гүл көктемнің хабаршысы, үміт пен қайта жаңғырудың символы.

2023 жылдың күзінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүл отырғызылған еді. Осы көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокус гүлдеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары крокусты көріп, ашық түсті гүлдің фонында суретке түсіп, қуанышқа бөленуде.