14 жылда алғаш рет Алматының Әуезов ауданындағы 23 аула жөнделеді
71
Әуезов ауданында 14 жылдан бері жөндеу көрмеген 23 ауланы күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда.
Жаңартылған алаңдарда балаларға, ойынға, футболға және workout аймақтарына арналған орындар қарастырылған. Күрделі жөндеу аясында асфальт төсемі, тротуарлар мен жиектастарды жаңартылады.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 18 аулада аяқталды. Онда ескірген жабдықтар алынып, аумақ асфальтталып, жиектастар жаңартылып, шағын сәулет пішіндері мен спорт алаңдарына орындар дайындалды, орындықтар, қоқыс жәшіктері және футбол алаңдарының қоршаулары орнатылады деп күтілуде. Жобаны осы жылдың 10 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.