Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәуле Досжан АЭС салу мәселесіне арналған референдумға қатысты.

Сәуле Досжан Алматыдағы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде орналасқан №112 сайлау учаскесіне барды.
Ақын ел болашағына қатысты осындай мәселелерді шешуге жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
«Референдумға қатысу-маңызды азаматтық борыш. Біз бәріміз ертең қандай болатынын анықтайтын шешімдер қабылдауға қатысуымыз керек. Мен өз елімнің азаматы ретінде Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім», – деді Сәуле Досжан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады.