14/12/2025 06:41

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя!

«Таза Қазақстан» бағдарламасының «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» акциясының өтетінін хабарлайды. Акция науқанның «Таза аулалар» деп аталатын үшінші аптасында өтіп, үй маңындағы аумақтардың эстетикалық көрінісін және жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған. 

– Кім қатыса алады: Алматы қаласының барлық тұрғыны. 

– Не беріледі: қоршауларды, қақпаларды, орындықтар мен арбаларды бояуға арналған тегін бояулар мен еріткіштер. 

– Шарттары: аудандық көріктендіру бөліміне жүгіну қажет. Бояу мөлшері шектеулі – бір қатысушыға 2 кг. 

Өздеріңіз білетіндей, науқан төрт кезеңнен тұрады және 17 наурызда «Таза аулалар» деп аталатын үшінші апта басталады.

Осы аптаның аясында жоспарланған: 

– аула аумақтарын тазалау және сырлау; 

– балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру; 

– көгалдандыру; 

– «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы.

«Қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» акциясы 2024 жылы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының бірінші кезеңі аясында өткізілді. Содан кейін ол қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды: 4240 литр бояу мен 590 литр еріткіш шығарылды.

Аулаңызды және қалаңызды әдемі ету мүмкіндігін өткізіп алмаңыз! Акцияға қосылыңыз және Алматыны көркейтуге үлес қосыңыз!

Бояу материалын алу үшін төмендегі мекенжай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады

АуданСақталу орны/беруЖауапты
1.АлатауВеселов көшесі, 18 «А»Мадияр +7 (707) 305 9292
2.АлмалыТөле би көшесі, 67Керімхан +7 (747) 555 21 20
3.ӘуезовМамыр-1 шағын ауданы, 26/1Диас +7 (708) 708 38 70
4.БостандықТәжібаев көшесі, 155 «А»Айбек +7 (747) 341 78 72
5.ЖетісуТихов көшесі, 87 «А»Нұрберген +7 (747) 772 74 78
6.МедеуПушкин көшесі, 72Абай +7 (707) 415 59 29
7.НаурызбайБайсұлтанов көшесі, 1/2Олжас +7 (708) 100 20 04
8.ТүрксібШолохов көшесі, 9Айнұр +7 (777) 294 14 41
АкцияларАлаБіздіңҮйжаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ