07/02/2026 05:23

Алматы – елдің шикізаттық емес секторындағы инвестиция бойынша басты хабы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес сектордағы инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы. Ағымдағы жылдың 11 айында Алматыда негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды.

Инвестициялардың ең көп өсуі өңдеу өнеркәсібінде (2 есе, үлесі – 6,8%), білім беруде (+61,1%, үлесі – 5,3%), электрмен және жылумен жабдықтауда (+54,7%, үлесі – 3,8%), көлікте (+32,5%, үлесі – 15,6%), денсаулық сақтауда (+26,3%, үлесі-4,3%), сумен жабдықтау және су бұру (+21,0%, үлесі – 2,0%).

“Бұл экономиканың басым салаларын дамыту үшін инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін растайды”, – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының “ВВВ+” деңгейіндегі дербес кредиттік рейтингін, “Тұрақты” болжамын растады.

“Жалпы, біз қала экономикасына 2024 жылы 2 трлн теңге және 2025 жылы 2,3 трлн теңге тартуды жоспарлап отырмыз”, – деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ