08/02/2026 03:53

Алматы метрополитенінің машинисі жұмыс ауысымы біткеннен кейін референдумға қатысты

Алматылықтар таңертеңнен бері АЭС құрылысы мәселелері бойынша референдумға қатысуда. Сайлаушылардың қатарында танымал тұлғалар, коммуналдық кәсіпорындардың қарапайым еңбек адамдары да бар. Олардың кейбіреулері үшін бүгін – әдеттегі жұмыс күні.

Мәселен, метрополитен машинисті Нұржан Марқабаев жұмыс уақыты аяқтағаннан кейін сайлау учаскесіне келді. Ол жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, бұл шешімнің ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсінетінін атап өтті.

«Мен Қазақстандағы жалғыз метрополитеннің электр пойызының машинисімін. Біздің барлық құрамдар электр қуатының көмегімен қозғалады, сондықтан біз референдумның маңыздылығын өзгелерден артық түсінеміз. Жұмыстан кейін бірден сайлау учаскесіне келдім, тіпті уақыт жоғалтпау үшін киімімді ауыстырмадым», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар өз мекенжайы бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ