Алматыда 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды «Almaty Student’s Week» фестивалі бастау алды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтуде, оның басты мақсаты – студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтау.

11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. «Almaty Student’s Week» фестиваліне қатысатын әрбір студент өз таланты мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Сондай-ақ, жастарға басқа оқу орындарының студенттерімен байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.
Фестиваль іс-шаралары студенттерге тәжірибе, идеялар және білім алмасуға арналған алаңдар ашып, болашақ бірлескен жобалар мен бастамалардың негізін қалайды. Бұл – студенттердің зияткерлік, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда өзін көрсетіп, өз дағдыларын нығайтып, өзін дамытуға бірегей мүмкіндік.
«Almaty Student’s Week» фестивалінің маңызды бөлігі – жастардың патриоттық рухын көтеру, бірлігін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын әлеуметтік белсенді және біртұтас студенттік қауымдастық құру.
Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, олардың 124 мыңнан астамы басқа өңірлерден келген.
Іс-шаралар туралы ақпаратты төмендегі кестеден көре аласыздар.
Халықаралық студенттер күніне арналған
«ALMATY STUDENTS WEEK» фестивалінің іс-шаралар жоспары
| № | ІС-ШАРА АТАУЫ | ӨТЕТІН УАҚЫТЫ | ӨТЕТІН ОРНЫ | ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА |
| «Менің университетім – Менің таңдауым» Студенттер арасында өз оқу орындарын неге үздік деп санайтынын анықтауға бағытталған видеочеллендж және сауалнама | 12 қараша, 2024 жыл | Әлеуметтік желілер | Кайрыев Р. +7 775 633 3369 | |
| Жас ғалымдардың ғылыми форумы «Студенттік шақ: болашаққа бастар жол» | 13 қараша, 2024 жыл | Медеу ауданының комьюнити орталығы | Кайрыев Р. +7 775 633 3369 | |
| Студенттер күніне арналған КВН ½ финал іріктеу ойыны (орыс тілінде) | 13 қараша, 2024 жыл | «Конкордия» театры | Кулымбетов О. +7 707 818 3475 | |
| «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» студенттер қатарына қабылдау | 13 қараша, 2024 жыл | Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусы | Кайрбаева Д. +7 747 367 3909 | |
| «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерін марапаттау рәсімі | 12 қараша, 2024 жыл | ҚазҰУ кітапханасы | Сипанов Е. +7 707 138 3003 | |
| «PRОдвижение» Әуезов ауданындағы жас көшбасшылардың идеялар генерациясы | 14 қараша, 2024 жыл | Әуезов ауданының комьюнити орталығы | Маханбет Б. +7 707 008 0913 | |
| Студенттер күніне арналған жастар арасындағы «Квест Батл» ойыны | 14 қараша, 2024 жылы | Наурызбай ауданының комьюнити орталығы | Тасберген О. +7 707 770 9596 | |
| «Narxoz stud awards» мерекелік концерті және студенттерді марапаттау рәсімі | 14 қараша, 2024 жылы | Нархоз университетінің бас корпусы | Каби Е. +7 707 634 8300 | |
| «CAREER TIME» кәсіби бағдар беру фестивалі | 15 қараша, 2024 жылы | Нархоз университетінің бас корпусы | Нисупова А. +7 701 278 8015 | |
| «Jaidarman Battle» Студенттер күніне арналған ҚазҰАЗУ факультеттері арасында КВН ойыны | 15 қараша, 2024 жылы | ҚазҰАЗУ бас корпусы | Сманов А. +7 702 281 1407 | |
| Студенттер күніне арналған КВН (орыс тілінде) финалдық фестивалі | 15 қараша, 2024 жылы | «Конкордия» театры | Кулымбетов О. +7 707 818 3475 | |
| «ALMALY NIGHT» ЖОО-лар арасында QUIZ ойын | 15 қараша, 2024 жылы | Алмалы ауданының комьюнити орталығы | Тұрлыбек Е. +7 707 847 8735 | |
| «Жайдарман» ҚазҰПУ Студенттер күніне арналған ҚазҰПУ факультеттері арасында КВН ойынын өткізу | 15 қараша, 2024 жылы | ҚазҰПУ корпусы Төле би көшесі 86 | КазНПУ +7 777 885 6299 | |
| Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында хакатон ұйымдастыру | 15-16 қараша, 2024 жылы | Өтетін орны анықталып жатыр | Сипанов Е. +7 707 138 3003 | |
| «Qamalladin» университетіне жастарға арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы | 15 қараша, 2024 жылы | «Qamalladin» университеті | Муташов Д. +7 778 664 6497 Усенова А. +7 771 413 0911 | |
| «Ең үздік студенттік топ» байқауының финалдық кезеңі | 15 қараша, 2024 жылы | Өтетін орны анықталып жатыр | Сембиев А. +7 777 761 8133 | |
| Еуразия Технологиялық университеті студенттер қатарына қабылдау рәсімі | 15 қараша, 2024 жылы | ЕТУ бас корпусы | Дюсебаев Т. +7 778 743 4185 | |
| Бостандық ауданының Демалыс орталықтары арасында жастар арасында «Бес қару» әскери-патриоттық ойы | 15 қараша, 2024 жылы | Өтетін орны анықталып жатыр | Нуртайқызы Д. +7 707 407 5888 | |
| Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында өтетін студенттер күніне арналған киберспорт турнирі | 15 қараша 2024 жылы | Жетісу ауданы комьюнити орталығы | Әбдіхалық Е. +7 747 975 3641 | |
| Студенттер күніне арналған «Cinema night» кино кеші | 15-16 қараша, 2024 жылы | 8 Комьюнити орталық | Малаева Д. +7 707 542 0315 | |
| Жоғары оқу орындарының командалары арасында «ОЙНА-IQ» интеллектуалдық сайысы | 16 қараша, 2024 жылы | ҚазҰУ кітапханасы | Дапеновна Ж. +7 775 118 8288 | |
| «Youth Nomads» ұлттық ойындар сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі | 16 қараша, 2024 жылы | «Рахат» базары | Муратхан Т. +7 707 663 6949 | |
| ҚызПУ-дың 80 жылдығына арналған мерейтойлық шара «Student Party – 2024» | 16 қараша, 2024 жылы | Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы | КазНацЖенПУ Балжан +7 747 447 0814 | |
| «ALT кештері» мерекелік шарасы Студенттер үшін концерт ұйымдастыру | 17 қараша, 2024 жылы | АЛТ университеті | Салабатовна А. +7 707 220 6090 | |
| «SelfMade» семинары Студенттердің кәсіби және жеке дамуын қолдау | 17 қараша, 2024 жылы | Түрксіб ауданы комьюнити орталығы | Азимбаева Г. +7 778 998 9260 | |
| «Balmyzdaq Party» Студенттер күніне арналған мерекелік концерт | 17 қараша, 2024 жылы | Jana Arbat Түрксіб ауданы | Азимбаева Г. +7 778 998 9260 | |
| «ICE Party» Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының омбудсмендері ұйымдастырған Студенттер күніне арналған шара | 17 қараша, 2024 жылы | ВСК «Медеу» | Сембиев А. +7 777 761 8133 | |
| МИТУ-де студенттерді қабылдау кеші | 18 қараша, 2024 жылы | «Бақшасарай» Салтанат сарайы | Оспанова А. +7 707 621 5457 |