Белгілі өнерпаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Уашев Аскар Тау шағын ауданындағы №493 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Өз елінің азаматы ретінде ол тарихи оқиғаларға қатысудың маңыздылығын атап өтті, әр адамның таңдау жасау құқығы бар екенін және өз Отанының тарихына әсер ету мүмкіндігіне ие екенін айтты.
«Референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілігімізді көрсету мүмкіндігі. Біз еліміздің тұрақты дамуына және қауіпсіздігіне әсер ететін шешімдер қабылдаймыз», – деді Дәлел Уашев.
Бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтті. Алматыда сайлауға ғалымдар, жазушылар, актерлер, музыканттар және елдің басқа да танымал тұлғалары қатысты. Дауыс беруге халық артистері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, танымал орындаушылар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Raim, Айқын Төлепберген, Kyle Ruh, КешYou тобының бұрынғы әншісі Балауса Ерғалина және т.б. қатысты.