08/02/2026 03:52

Алматыда Мәдениет қайраткері Марал Анарбек референдумда дауыс берді

Қазақстандық артист, ҚР Мәдениет қайраткері Марал Анарбек АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты.

Марал Анарбек Алатау ауданындағы №178 лицейде орналасқан № 512 сайлау учаскесіне барды. Өнер иесі елдің болашағын айқындайтын шешімдер қабылдауға азаматтық қатысудың маңыздылығын атап өтті.

«Референдумға қатысу – жай ғана құқық емес, бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз. Еліміздің экологиясына да, энергетикалық қауіпсіздігіне де қатысты маңызды мәселелерді шешеміз», – деді Марал Анарбек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесіне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ