17 желтоқсан күні сағат 19.00-де Алматы қаласы Mega ойын-сауық орталығында Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді. Оған тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері мен депутаттар, дубляж актерлары, журналистер мен блогерлер қатысады.

«Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға.
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» туындыларының қазақ тіліндегі дубляжы кассалық табыс үлесі бойынша жаңа рекордтар орнатты. Қазақ дубляжы мен мазмұнын насихаттауды жалғастырып, кеңінен таратуға шақырамыз!
«Муфаса: Арыстан патша» фильмінде Рафики Симба мен Наланың қызы Киараға Прайд жерлерінің сүйікті патшасының хикаясы мен патша атану жолында басынан кешкен қиындықтары туралы баяндайды. Адасып, жетім қалған Муфаса патша отбасынан шыққан Така есімді мұрагерді кездестіреді. Така оған жаны ашып, қолдауын көрсетеді. Екеуі тағдыр өзгертер саяхатқа аттанып, дұшпандарымен бетпе-бет кездеседі. Олардың достығы да сынға түседі. Сондай-ақ көрермен Тимон, Пумбамен қайта қауышады.
Фильм көрсетілімін көргіңіз келсе, мына телефон нөмірі арқылы тіркеліңіз.
Гүлнәз, press@kitap.kz, 8 707 345 64 91