05/12/2025 14:03

Алматыда Серкебаев даңғылы бойындағы көлік қозғалысына үш тәулікке сегменттер бойынша шектеу қойылмақшы

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Ермек Серкебаев даңғылы бойындағы Березовский көшесінен бастап Есқараев көшесіне дейінгі аумақ 10 тамыздағы (сенбі) таңғы сағат 6-дан (сенбі) 13 тамыздағы (сейсенбі) таңғы сағат 10-ға дейін екі бағытта да автокөлік құралдарының қозғалысы үшін жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

48 жыл бұрын (1976 жылы) пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын және жаңғыртылып жатқан жылу магистралі қазандықтардан мегаполистің оңтүстігіндегі аталған секторда орналасқан 19 тұрғын үйге, 2 балабақшаға және 39 басқа ғимараттарға жылу энергиясын беруді қамтамасыз етеді.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ