Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады
62
Жандосов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
24 тамыз сағат 23:00-ден 26 тамыз сағат 07:00-ге дейін Яссауи көшесінен Шәймерденов көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.
Бұл аумақты шығыс бағытта Яссауи және Шаляпин көшелері арқылы, ал батыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, 7-ші желі көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Ал 25 тамыз сағат 23:00-ден 27 тамыз сағат 07:00-ге дейін Шәймерденов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.
Аталған аумақты шығыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, Мусин көшелері, ал батыс бағытта Саин, Шаляпин, Яссауи көшелері арқылы айналып өтуге болады.