08/02/2026 00:47

Алматыда «Жарқын күз» науқаны аясында қоқыс жинау бойынша жалпықалалық акция өтеді

2024 жылғы 19 қазанда сағат 10:00-де Алматыда аумақты жинау және көшет отырғызу бойынша жалпықалалық экологиялық акция өтеді.

Акция аясында қаланы қоқыстардан және құлаған жапырақтардан тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын жинау, сондай-ақ ағаштарды жаппай отырғызу (10 мыңға жуық көшет дайындалды) жоспарлануда.

Алматы әкімдігі көшеттерді, қажетті заттарды (қолғаптар, қаптар, күректер, тырмалар) беру және акцияға қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жиналған қоқыстарды полигонға шығаруды ұйымдастыру жөнінде қолдау көрсететін болады.

Алматының барлық тұрғындарын туған қаласын тазартуға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Акция өтетін негізгі орындар:

1.      Алатау ауданы, Аla саябағы

(https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163014/76.812289729714394,43.287000361891934)

2.      Алатау ауданы, Көкқайнар ш/а Боралдай өзенінің жағасында

(https://2gis.kz/almaty/geo/70030076166665899/76.838608821853995,43.297995904951854)

Коммуналдық қызметтердің қатысуымен тазаланатын  локальді іс- шаралар:

Алмалы ауданы:

  1.  М. Ганди атындағы саябақ https://2gis.kz/almaty/geo/70000001089141107/76.897597,43.243872 ;
  2.  Тастак-2 ш/а https://2gis.kz/almaty/geo/9430073144770561/76.873893,43.252853.

Әуезов ауданы:  

  1.  Абадаңғылы Өтеген батыр көшесінен. Яссауи көшесіне дейін https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375039957/76.832997,43.215021 ;
  2.  Жетісу сквері https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375178105/76.842007,43.221859 .

Бостандық ауданы:   

  1. Гагарина бульвары Абай даңғылынан Жандосов даңғылына дейін https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163016/76.894869,43.235286 ;
  2. Абай даңғылы Байзақов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін.

Жетісу ауданы: 

  1. Көкжиек ш/а https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163015/76.928607,43.358036 ;
  2. Жангельдин атындағы саябақ https://2gis.kz/almaty/geo/70030076807979901/76.955222,43.292366 .

Медеу ауданы:   

  1. Коперник көшесі, 33 https://2gis.kz/almaty/geo/70030076395182295
  2.  28-панфиловшылар саябағы https://2gis.kz/almaty/geo/9430098914574545 .

Наурызбай   ауданы:  

  1.  Алатау даңғылы, Белжайлау көшесінің бұрышы;  
  2. Алатау даңғылы, Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін;
  3. ⁠Алма сити-5, барлық аулалар.

Түрксіб ауданы:

  1. «Желтоксан» саябағы https://2gis.kz/almaty/geo/70030076460098511 ;
  2. Қонаев,336 к2 ӨК аумағы
https://2gis.kz/almaty/geo/70030076324725929/76.981948,43.315759
Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ