05/12/2025 13:22

АРБАТ ЭКО-ФЕСТ: барлық отбасыға арналған жасыл мереке!

2025 жылы 26 шілде күні Алматының орталығында ерекше экологиялық іс-шара – АРБАТ ЭКО-ФЕСТ өтеді. Мереке сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Жібек Жолы көшесі мен Панфилов көшесінің аралығында ұйымдастырылады.

Фестиваль қонақтарына экология, тұрақты даму және жауапты тұтыну тақырыптарына арналған мазмұнды бағдарлама ұсынылады. Келушілер үшін шеберлік сағаттары, балаларға арналған түрлі ойын-сауық, музыкалық қойылым, фудкорт аймақтары мен экологиялық бастамаларға арналған стендтер қойылады.

Игі іс-шара Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бас серіктесі — RAMS Qazaqstan компаниясы.

Баршаңызды отбасыңызбен бірге келіп, қаламыздың экологиялық болашағын қолдауға шақырамыз!

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ