08/02/2026 05:22

Белгілі жазушы Серік Асылбекұлы: «Референдум – азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндігі»

Белгілі драматург әрі жазушы Серік Асылбекұлы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.Ол референдумның демократия құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
«Референдум – бұл азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндігі. Еліміздің болашағы қандай болатынын біз өзіміз шешеміз. Бүгін келіп, дауыс бердім. Бұны өзімнің азаматтық борышым деп санаймын», – деп атап өтті Серік Асылбекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі сағат 20.00-ге дейін ашық болады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ