Естеріңізге сала кетейік, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, әрбір тұрғын алдын ала қауіпсіз орынға баратын эвакуация жолын белгілеп алуға тиіс.
Қауіпсіз орын деп электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар есептеледі.