Әнші Шоқан Маратұлы – “Референдумның қорытындысы еліміздің даму бағытын айқындайды”
52
Қазақстандық әнші, All Давай тобының негізін қалаушы және продюсері Шоқан Маратұлы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Әнші өз дауысын беру үшін №537 сайлау учаскесі орналасқан №17 мектеп-интернатына барды.
” Менің азаматтық борышым болғандықтан референдумға қатысу мен үшін маңызды болды. Мұнда бастысы халықтың өз ойын жеткізуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, референдумның қорытындысы еліміздің қозғалыс, даму бағытын айқындайды”, – деп әнші өз пікірін айтты.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.