08/02/2026 08:28

Олимпиадашы Ермахан Ибраимов Алматыда өткен референдумда дауыс берді

Алматыда атақты спортшы Ермахан Ибраимов референдумда дауыс бер үшін Мемлекеттік қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскесіне келді.

«Референдумға қатыса отырып, мен өзімнің белсенді азаматтық ұстанымымды көрсетемін. Әрбір қазақстандықтың міндеті-бұл мәселеде шет қалмау деп санаймын», – деп атап өтті спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Қала басшысы Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ